Атырау, 26 сәуір 20:21
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Атырауда

Қалқыма су бұрқақ болмауы мүмкін Басқа жаңалықтар

Қалқыма су бұрқақ болмауы мүмкін

Атырау облыстық әкімдік ғимаратының жапсарма құрылысының жобалық сметасына қайта түзету енгізіледі. Атап айтсақ, 6 қабатты деп жобаланған ғимарат енді 8 қабатты болмақ. Бұл туралы брифингте Атырау облысы құрылыс басқармасының басшысы Мәлік АМАНОВ мәлімдеді. 2 наурыз 2020, 14:07 5 086 просмотра
Жайықтан бір жарым центнер тартатын қортпа ауланды Басқа жаңалықтар

Жайықтан бір жарым центнер тартатын қортпа ауланды

1 наурызда кеште Жайық-Атырау бекіре балығын өсіру зауытының қызметкерлері Жайық өзенінен салмағы 148 келі, ұзындығы 2,2 метр болатын уылдырықты қортпа мен 4 бекіре аталығын ұстады. Бейнежазба 2 наурыз 2020, 13:03 3 530 просмотра
Атырауда әкімдік алдындағы алаңда белсенділерді ұстады. «Армяндық» жүргізушілер де жүр Басқа жаңалықтар

Атырауда әкімдік алдындағы алаңда белсенділерді ұстады. «Армяндық» жүргізушілер де жүр

Бүгін, 1 наурызда, Атырауда облыстық әкімдік ғимараты алдына келген бірнеше адам ұсталды. Олардың қатарында құқыққорғаушы Әсел НҰРҒАЗИЕВА, азаматтық белсенділер Зинат ОРЫНБАСАРОВА, Қасым ҚОЖАНТАЕВ, Серік ӨТЕПҚАЛИЕВ, және Басыр ДАУЫЛБАЕВ бар. Ал құқыққорғаушы Дарья ОЛЖАҒАЛИЕВАНЫ үйінің алдынан алып кеткен. Толықтырылды Сурет 1 наурыз 2020, 23:58 4 897 просмотра
Бізді бес жыл бойы заңсыз ажыратып келді Басқа жаңалықтар

Бізді бес жыл бойы заңсыз ажыратып келді

1 теңге бережақ  үшін электр энергиясын жеткізуді тоқтатады делінген  «Электр энергиясын пайдалану қағидаларындағы» түзетулер күшіне енгеннен кейін қазақстандықтар қарапайым халыққа неге осылай қарайды деп наразылық білдіре бастады. Оған қоса қайта жалғау үшін жеке тұлғалардың ішінде пәтер тұрғындары 6730 теңге, ал жеке тұрғын үй секторының тұрғындары 10115 теңге төлеу қажет.  Осыған байланысты «АЖ» әдейі ҚР вице-министрі Қайрат РАХИМОВҚА жолыққан еді. Анығында барлығы бұрыннан бар қағида, өзгергені - қарыз туралы хабарлама жіберу тәсілдері ғана. Толығырақ төменде. 1 наурыз 2020, 22:44 3 160 просмотра
...Олардың тоғызы ғана қалды Басқа жаңалықтар

...Олардың тоғызы ғана қалды

Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері 300 мың теңге мөлшерінде бір реттік материалдық көмек және бағалы сыйлықтар алады. Қазір біздің облысымызда олардың тек 9-ы ғана қалды. 8 Атырау қаласында, 1 Құлсарыда тұрады. 29 ақпан 2020, 12:10 4 391 просмотра
«D» санаты бар куәлікпен жұмыссыз қалмайсың Басқа жаңалықтар

«D» санаты бар куәлікпен жұмыссыз қалмайсың

28 ақпанда қалалық жұмыспен қамту орталығында осы жылдың алғашқы бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Атыраулық 12 компания 342 бос жұмыс орындарын ұсынып, 400-ге жуық түйіндеме қабылдады. Былтыр осындай 8 жәрмеңке ұйымдастырылып, нәтижесінде 300-дей адам тұрақты жұмысқа орналасқан еді. Сурет 29 ақпан 2020, 01:50 3 788 просмотра
Атырауда биыл 19 үй терможаңғыртудан өтеді Басқа жаңалықтар

Атырауда биыл 19 үй терможаңғыртудан өтеді

- 4-уі жергілікті бюджет, қалғаны – республикандық бюджет есебінен. Бұл туралы брифингте қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат ХАБИЕВ (суретте) хабарлады. 4 үйдің күрделі жөндеуіне жергілікті билік 200 млн теңге бөліп отыр. Үш үй СМП-163-те орналасқан болса, біреуі Авангард-2 ықшамауданында. «Республикалық» 15 үй Атыраудың әр жерінде – СМП-136, СМП-163, Авангард, Балықшы және Вокзал маңында орналасқан. 29 ақпан 2020, 01:15 2 081 просмотра
Газ мамандары кәсіпкерлердің сотқа жүгінуден шаршағанын күтіп жүр ме? Басқа жаңалықтар

Газ мамандары кәсіпкерлердің сотқа жүгінуден шаршағанын күтіп жүр ме?

Атырау облысының прокуроры Халидолла ДӘУЕШЕВ кәсіпкерлермен кездесті. Олар көтерген мәселенің негізгі бөлігі тағы да сол «КазТрансГаз Аймақ» мекемесінің қызметі мен жер мәселесін шешуге қатысты болып шықты.   29 ақпан 2020, 00:22 2 640 просмотра
Атырауда қоқыс шығару тарифі екі есе өсті Басқа жаңалықтар

Атырауда қоқыс шығару тарифі екі есе өсті

Атырау әкімдігінде қоқыс шығару тарифін көпқабатты үйлерде адам басына айына 117 теңгеден 197 теңгеге дейін, жеке секторда 126,18 теңгеден 214,56 теңгеге дейін көтеруге шешім шығарғаны туралы бұдан бұрын «АЖ» жариялаған болатын. Бүгін, 28 ақпанда, депуттар осы шешімді қалалық мәслихат сессиясында бекітті. 28 ақпан 2020, 17:35 2 783 просмотра
Атырауда VIP-номер сәннен шықты Басқа жаңалықтар

Атырауда VIP-номер сәннен шықты

Атыраулық жүргізушілер қазір көліктеріне «әдемі» номер тағуға көп қызықпайтын болды, - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Атырау филиалының баспасөз хатшысы Нұрлыбек БАҚТЫҒАЛИ.   28 ақпан 2020, 16:45 3 216 просмотра
12 шетелдік маман кері қайтарылды Басқа жаңалықтар

12 шетелдік маман кері қайтарылды

27 ақпанда Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында Атырау облысына шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті. Бұл жолы комиссия шешімімен 114 экспат жұмыс жасауға рұқсат алды. Ал Түрік және Италияның 12 азаматының өтініші кері қайтарылды.   28 ақпан 2020, 16:12 2 262 просмотра
Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы 5 миллион айыппұл төлейді Оқиға

Денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы 5 миллион айыппұл төлейді

Бүгін, 28 ақпанда, №2 Атырау қалалық сотында облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Мәншүк АЙМУРЗИЕВАҒА қатысты жеңілдетілген тәртіпте қаралған қылмыстық іс аяқталды. Ол ҚР ҚК-нің 371-бабының 2-бөлігімен (Абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан салғырттық) кінәлі деп танылып, оған жаза ретінде 2000 АЕК (5 млн 50 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды. Ол сондай-ақ 3 жылға медицина саласында басшылық қызмет атқару құқығынан айырылды. 28 ақпан 2020, 15:00 3 496 просмотра
Ұшақ қанатының астындағы баспана - 2 Оқиға

Ұшақ қанатының астындағы баспана - 2

Әуежай маңындағы үй құрылыстарының заңдылығын құқық қорғау органдары тексеріп жатқаны туралы бұған дейін «АЖ» хабарлаған еді. Атап айтқанда, Атырау халықаралық әуежайының маңындағы «Нұрсая-3» ықшамауданындағы үйлердің құрылысы тексерілуде. Бізде жарияланған мақаладан кейін Атырау қаласы әкімдігі атынан әкім орынбасары Ұлықбек ТІНӘЛИЕВ «АЖ»-ның ресми сауалына жауап берді. 28 ақпан 2020, 14:46 2 977 просмотра
Құлсары-Теңіз тас жолында көлік апатынан 5 адам қаза болды Басқа жаңалықтар

Құлсары-Теңіз тас жолында көлік апатынан 5 адам қаза болды

Бүгін, 28 ақпанда, таңғы сағат 6 шамасында Құлсары-Теңіз тас жолында жол көлік оқиғасы болды - "Лада 21310" и "Cheverolet Aveo" автокөліктері бетпе-бет соғысты. Оқиға орнында 5 адам - екі жүргізуші мен үш жолаушы - қаза болды. Бейнежазба 28 ақпан 2020, 14:12 7 935 просмотра
«Ломбард ісі»: мүлікті қалай қайтарамыз? Басқа жаңалықтар

«Ломбард ісі»: мүлікті қалай қайтарамыз?

«Нұр-Али Капитал» ЖШС басшылығының алаяқтық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар тергеудің баяу жүргізілуіне наразылық білдірді. Олар ломбард директоры Әліби СЕКСЕНБАЕВ шет ел асып кетті деген сенімде. Қазір оларды өз ақшаларын, көлігін, жылжымайтын мүлігін қалай қайтарып аламыз деген ой мазалайды. Толығырақ «АЖ» материалында. 28 ақпан 2020, 12:38 2 972 просмотра
Атырауда коронавирус жұқтырған науқас туралы қауесет расталған жоқ​ Басқа жаңалықтар

Атырауда коронавирус жұқтырған науқас туралы қауесет расталған жоқ​

Әлеуметтік желілерде таралып жатқан бейнежазбада қоңырау шақыртуымен келген атыраулық «103» қызметінің дәрігерлері қорғаныш костюмін киіп алған.  Сол сәт үрей әкелген коронавирус  Атырауға жетіпті деген қауесет те тарап кетті. Бейнежазба 27 ақпан 2020, 19:57 3 998 просмотра
Премьер Каспий мен Жайықтан балық аулау маусымын ұзартуды тапсырды Басқа жаңалықтар

Премьер Каспий мен Жайықтан балық аулау маусымын ұзартуды тапсырды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Атырау облысына жұмыс сапары аясында балық шаруашылығы саласын дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте балық өнімдерін бақылау ақпараттық жүйесін әзірлеуді және енгізуді тапсырды. 27 ақпан 2020, 17:30 3 455 просмотра
Мамин - Атырау облысында ірі газ өңдеу зауытын салу мәселесі туралы Басқа жаңалықтар

Мамин - Атырау облысында ірі газ өңдеу зауытын салу мәселесі туралы

ҚР Премьер-Министрінің сайтында хабарланғандай, Атырау облысына жұмыс сапары аясында Асқар МАМИН осы мәселе жөнінде кеңес өткізді. Қаржыландыру мәселесі, мемлекеттік қолдау шаралары, газ теңгерімі және аталған жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже туралы ҚР ұлттық экономика министрі Руслан ДӘЛЕНОВ, энергетика министрі Нұрлан НОҒАЕВ және Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ, мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшылары баяндады.  27 ақпан 2020, 17:01 2 986 просмотра
«Ақ Жайықтың» атын жамылған кім болды екен? Басқа жаңалықтар

«Ақ Жайықтың» атын жамылған кім болды екен?

Облыстық мешітте Дулат Ағаділге құран бағыштаған белсенділер қаланың орталық алаңына қарай келді. Олар Исатай-Махамбет ескерткішінің  жанында «қазақ халқының лайықты ұлы» туралы қысқаша сөз сөйледі. «Олар бір адам өлтірді, бірақ оның өлімі миллиондаған адамдардың көзін ашты», «Біз түрмедегі басқа да белсенді азаматтарымыздың тағдырына алаңдаулымыз» ... Дәл осы уақыт аралығында біздің қасымызда тымақты күртеше киген ер адам телефонға түсіріп, айналшықтап жүрді. Оны жиналғандардың біреуі де танымады, оның қайдан екенін сұрағанымызда, ол «Ақ Жайық» газетінен деп жауап берді. Міне, қызық! Сурет Бейнежазба 27 ақпан 2020, 15:36 6 705 просмотра