Атырау, 24 сәуір 15:16
 ашықВ Атырау +19
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Атырауда

Ресейлік азамат киіктің мүйізімен ұсталды Оқиға

Ресейлік азамат киіктің мүйізімен ұсталды

Жуырда Құрманғазы ауданы Байда ауылында орналасқан шекара бекетінде «КамАЗ» жүк көлігін тексеру кезінде 3 дана киіктің мүйізі табылған.  Көлік Ресей Федерациясының 1963 жылғы азаматына тіркелген.   6 наурыз 2020, 15:20 3 297 просмотра
Біздің сүйікті қаламызда  вандализм  «гүлдене» бере ме, әлде толастай ма? Басқа жаңалықтар

Біздің сүйікті қаламызда вандализм «гүлдене» бере ме, әлде толастай ма?

Сүйікті қаламыз Атыраудағы  басты алаң қайта жаңартылып, халық игілігіне пайдалануға берілген бойда вандализм әрекеттері көрініс тапты. Газондар тапталып,  гүлзарларда отырғызылған гүлдер жұлынды. PR 6 наурыз 2020, 15:19 5 714 просмотра
Ауру малдың «қамы» Басқа жаңалықтар

Ауру малдың «қамы»

Қызылқоға ауданында малдағы бруцеллез ауруының негізгі ошағы әлі де жою мүмкін болмай тұр. Негізгі себептердің бірі -  жергілікті мал иелері малға төленетін өтемақымен келіспегендіктен ауру малды жасырып қалады. 6 наурыз 2020, 15:04 4 058 просмотра
Ескі қаладағы сүрілген үйлерге берілген ең үлкен өтемақы - 91 миллион Басқа жаңалықтар

Ескі қаладағы сүрілген үйлерге берілген ең үлкен өтемақы - 91 миллион

Атырауда ескі қаладағы үйлерді сүру жұмыстары жалғасуда, бұл 2017 жылдан 2029 жылға дейін 12 кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде (2017 ж. қараша - 2019 ж. тамыз) Пушкин, Жангелдин, Байтұрсынов, Тайманов және Гагарин көшелерінің шегіндегі 18,1 га алаңда 262 үй бұзылуы тиіс. Барлық меншік иелерімен дерлік өтемақы мөлшері туралы келісілген, бірақ олардың 8-і қазіргі уақытта осы сомалар үшін сотта дауласуда. 6 наурыз 2020, 11:07 4 545 просмотра
Атырау медицинасының "ерекше" тұстары Басқа жаңалықтар

Атырау медицинасының "ерекше" тұстары

«Атырау - адалдық алаңы» жобалық кеңсесі мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өкілдері өткізген тексерістер кезінде облыстық денсаулық сақтау мекемелерінде өрескел бұзушылықтарды анықтады. Мәселен, жаңа туған нәрестелерді өкпе аурымен ауыратын науқастармен қатар қабылдаса, жүйке жүйесі ауруымен ауыратын науқастарды матрасы салынбаған темір кереуетте ұйықтауға мәжбүрлеген. Толықтырылды 6 наурыз 2020, 00:22 3 414 просмотра
Теңізде өрт шықты Экология

Теңізде өрт шықты

Бүгін, 5 наурызда, күндізгі уақытта Теңіз кен орнындағы Үшінші буын зауыты аумағында өрт шықты. Белгісіз адам қою қара түтінді бейнежазбаға түсіріп, «Теңізде жарылыс болды. Өртеніп жатырмыз!» деп үрей туғызды. Бейнежазба 5 наурыз 2020, 23:32 7 184 просмотра
Жаңа әкім қаланы қоқыстан тазартпақ Басқа жаңалықтар

Жаңа әкім қаланы қоқыстан тазартпақ

50 мыңға жуық қала тұрғыны қоқыс шығарғаны үшін ақы төлейді, ал Атырау халқының саны 300 мыңға жуық. Қала билігі «Арнаулы автобаза» ЖШС-нің клиенттер базасын газ қызметі мен басқа да коммуналдық қызмет базасымен «байланыстыру» арқылы көбейтпекші. 5 наурыз 2020, 17:46 3 718 просмотра
Күзетші тонаушыдан қорғап қалды Басқа жаңалықтар

Күзетші тонаушыдан қорғап қалды

Атырауда №3 емхананың (Привокзальный ықшам ауданы) қақпасы алдында әлдебір тонаушы жас қыздың сөмкесін тартып алған. Емхана күзетшісі дер кезінде оған көмекке келді. Әлеуметтік желілерге тарап кеткен бейнежазбаға сүйенсек, ашу қысқан қылмыскер сөмкені қызға бере салып, күзетшіге тап беріп, жұдырығын ала жүгіреді. Бейнежазба 5 наурыз 2020, 17:04 3 859 просмотра
Атыраудағы «Сергек»: айыппұл наурыздан бастап салынады Басқа жаңалықтар

Атыраудағы «Сергек»: айыппұл наурыздан бастап салынады

Наурыздан бастап Атырауда жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерге «ақылды» «Сергек» жүйесінің көмегімен айыппұл салына бастайды. Бұл туралы «АЖ» тілшісіне Қазақстанда «Сергек» жүйесін орнатумен айналысатын «Көркем-Телеком» ЖШС-нің баспасөз қызметі хабарлады. Алайда аппараттық-бағдарламалық кешеннің бірінші кезегінің іске қосылатын нақты күнін атамады. 5 наурыз 2020, 16:58 5 890 просмотра
"Маска тағу міндетті емес" Басқа жаңалықтар

"Маска тағу міндетті емес"

Атырау дәріханаларында 8400 медициналық демперде бар, оның жетіспеуіне байланысты 15 наурызға дейін тағы 100 000 данасы жеткізілуі тиіс. Бұл туралы коронавирусқа қатысты ахуал бойынша өткізілген брифингте тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Амантай ЖҰМАҒАЛИЕВ мәлімдеді. 4 наурыз 2020, 16:47 4 791 просмотра
Жылойда мектеп есепшісі 24 миллион жымқырған Оқиға

Жылойда мектеп есепшісі 24 миллион жымқырған

Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы білім беру саласында бюджет қаржысын ұрлау фактілетін анықтады. Өткен жылы жүргізілген аудит нәтижесінде 200 миллион теңгеге жеткен әртүрлі қаржылық бұзушылықтар орын алған. Оның ішінде тексерушілер бюджет қаржысын ұрлаған екі мектептің есепшісін тапты. Жақында соның біріне ҚР ҚК 189 бабы 3 бөлігімен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ірі мөлшерде иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сот үкімін шығарды.  3 наурыз 2020, 23:42 5 093 просмотра
Демперде жоқ, бірақ сабыр сақтаңыздар! Басқа жаңалықтар

Демперде жоқ, бірақ сабыр сақтаңыздар!

Әлемде COVID-19 коронавирусының жаппай таралуына байланысты Қазақстанда алдын алу шаралары жүргізілуде. 2 наурыздан бастап Атырауда мектеп директорларына қалалық білім бөлімі коронавирус тақырыбына сынып сағаттарын өткізу, ақпарат бұрыштарын ұйымдастыру, зарарсыздандыру құралдарымен қамтамасыз ету және оқушылар мен мұғалімдерге медициналық демперде тағу жөніндегі хабарламасын таратты. Бұл хабарлама 27 ақпандағы ҚР Ғылым және білім министрлігінің хатын негізге алып жазылды. 3 наурыз 2020, 17:18 3 867 просмотра
Атырауда құрылыс салушы екі компания «қара тізімге» ілінді Басқа жаңалықтар

Атырауда құрылыс салушы екі компания «қара тізімге» ілінді

Ақпан айының соңында Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы үлескерлердің ақшасын тартуға жергілікті билік органдарының ресми рұқсатынсыз жылжымайтын мүлікті сататын компаниялардың «қара тізімін» жаңартты. Қара тізімде Атырау қаласында элиталық 4 үй салып жатқан екі ЖШС де бар. 3 наурыз 2020, 16:40 6 511 просмотра
Атыраулық бала түрік әкесімен қайта қауышты Басқа жаңалықтар

Атыраулық бала түрік әкесімен қайта қауышты

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Түркия азаматына Қазақстандағы 10 жасар ұлына 7 жылдан кейін әкелік құқығы қайтадан берілді. Осы хикаяға толығырақ тоқталып өтейік. 3 наурыз 2020, 15:18 3 745 просмотра
«Аймұрзиева өз кінәсіне лайықты жаза алды» Басқа жаңалықтар

«Аймұрзиева өз кінәсіне лайықты жаза алды»

28 ақпанда Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВАҒА 5 млн теңге көлемінде айыппұл салынған үкім жарияланғаннан кейін әлеуметтік желілерде «Неге оңай жазамен құтылды?» деген сұрақтар туындай бастады. «АЖ» тілшісі осыған орай Атырау қалалық №2 сотының төрағасы Мейрамбек НАҒАШЫБАЕВҚА хабарласқан болатын. 3 наурыз 2020, 14:33 4 346 просмотра
Экология министрі балықшыларды қуантты Экология

Экология министрі балықшыларды қуантты

Отандық балық және балық өнімдері нарығының көлемі екі есе – қазіргі 66 мыңнан 120 мың тоннаға дейін - артуы мүмкін. Бұл туралы Атырауда өткен кеңесте ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзом МЫРЗАҒАЛИЕВ мәлімдеді. 3 наурыз 2020, 13:02 3 594 просмотра
Үйде піскен тамақтың қоспасы көп Басқа жаңалықтар

Үйде піскен тамақтың қоспасы көп

Асқан ет, қазы-қарта, кәмпит пен печенье, манты мен палау, шоколад пен газдалған сусындар – бұл той дастарханына қойылатын тамақтардың тізімі емес, Атырау тергеу изоляторына (УГ-157/1 мекемесі) тергеуде отырғандардың туыстары күн сайын алып келетін сәлем-сауқат. «АЖ» тілшісі бір күнін тергеу изоляторының қабылдау бөлімінде өткізді. Сурет 3 наурыз 2020, 10:00 5 587 просмотра