Атырау, 24 сәуір 18:17
 ашықВ Атырау +13
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Атырауда

Атырауда Демократиялық партия белсенділерін ұстап жатыр Басқа жаңалықтар

Атырауда Демократиялық партия белсенділерін ұстап жатыр

Кешеден бері елімізде тіркелмеген Қазақстан демократиялық партиясының Алматыда 22 ақпанда өтуі тиіс құрылтайшылар жиналысына баруға жиналған атыраулық саяси белсенділерді ұстап, қамауға алу басталды.   18 ақпан 2020, 14:38 4 778 просмотра
"КамАЗ" жүргізуші құтылмады Басқа жаңалықтар

"КамАЗ" жүргізуші құтылмады

15 ақпанда Атыраудағы Крупская көшесінің бойында патрульдік полиция жол қозғалысы ережесін бұзған «КамАЗ» көлігінің жүргізушісін байқады. Әлеуметтік желілерге жүргізушінің көлікті тоқтатпақ болған полиция қызметкерлерінен қашып құтылмақ болғаны түсіп қалған бейнежазба тарап кетті. Алайда,  инспекторлар Қ.Абдолов пен Е.Салықбаев оны құтқармады. Бейнежазба 18 ақпан 2020, 12:28 4 556 просмотра
«Пәтерден түк қалған жоқ»  Басқа жаңалықтар

«Пәтерден түк қалған жоқ»

Атыраудағы Махамбет көшесі №121 үйдегі өрттен кейін «АЖ» тілшісі тұрғындармен кездесті. Сол уақытта осы жерге Атырау қаласының әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВ өзінің орынбасары Ұлықбек ТІНӘЛИЕВПЕН бірге келген екен, оларға өрт басталған пәтерді көрсетті.   Сурет 18 ақпан 2020, 12:01 3 195 просмотра
Лесхоздағы қарақшылық шабуыл Басқа жаңалықтар

Лесхоздағы қарақшылық шабуыл

11 ақпанда түнгі сағат 3-те Атыраудың Лесхоз ықшамауданындағы жанармай құю бекетіне медициналық демперде киген екі қылмыскер  шабуыл жасаған. Пышаққа ұқсас нәрсемен кассирді қорқытып, кассадан 200 мың теңге алып, іздерін суытқан. Бірақ көп ұзамай оларды полицейлер қолға түсіріп үлгерді. 18 ақпан 2020, 10:41 4 156 просмотра
Доссордағы жерасты "өткелі" Қоғам

Доссордағы жерасты "өткелі"

Мақат ауданы Доссор кентіне қарасты екі мыңнан астам халқы бар «Ынтымақ» және «Бірлік» елді мекендерін орталықпен темір жол бөліп тұр. Осы жердің тұрғындары емхана, балабақша, мектепке немесе шенеуніктердің біріне бару үшін темір жол астынан салынған құбырдан өтеді. Екі ортаға қатынайтын автомобиль жолы бар, бірақ ауылдан алыс. Сурет Бейнежазба 16 ақпан 2020, 12:29 4 954 просмотра
Бөрі етектен алды Басқа жаңалықтар

Бөрі етектен алды

Құрманғазы ауданындағы Асан, Мақаш, Сафон, Сүйіндік, Діңғызыл, Еңбекші, Орлы округтерінің тұрғындары үшін түз тағысы бас уайымға айналып отыр. Мал ұстаған шаруалар қасқырдың шамадан тыс көптігінен малын өріске жібере алмай, қорада ұстауға мәжбүр. 16 ақпан 2020, 12:53 5 577 просмотра
Сарыөзектегі апат: экожүйе зардап шекті ме? Экология

Сарыөзектегі апат: экожүйе зардап шекті ме?

Сарыөзек арнасының үстінен өтетін кәріз коллекторының жарылуынан болған коммуналдық апаттан кейін Атырау тұрғындары бұл су Жайыққа жете ме деп алаңдай бастады. Естеріңізге сала кетсек, 10 ақпанда кешқұрым Сарыөзек елді мекені маңында «Атырау Облыстық Су Арнасы» КМК-нің кәріз құбыры жарылды.  Кәсіпорынның баспасөз қызметі хабарлағандай, апат 11 ақпанға қараған түні сағат 01:00-де жойылды.  15 ақпан 2020, 17:57 3 912 просмотра
Атыраудың 25 мектебінде спорт алаңы салынады Басқа жаңалықтар

Атыраудың 25 мектебінде спорт алаңы салынады

Атырауда 1 млрд 206 млн теңгеге бағаланған «Атырау қаласындағы орта мектептерге арналған спорт алаңдарының құрылысы» атты кезекті құрылыс жобасы бастау алды. Бұл туралы ҚР мемлекеттік сатып алу порталында жарияланды. 15 ақпан 2020, 12:34 3 598 просмотра
Дамбы ауылында жеті қытай тіркелгені жалған болып шықты Басқа жаңалықтар

Дамбы ауылында жеті қытай тіркелгені жалған болып шықты

Әлеуметтік желіде Дамбы ауылының бір тұрғыны үйін сатар кезде жеті қытай азаматы тіркеуде тұрғаны анықталыпты деген аудиожазба пайда болды. Бұл туралы ресми ақпарат алу үшін «АЖ» ХҚКО-ға және Полиция департаментіне хабарласты.   Бейнежазба 15 ақпан 2020, 12:18 3 432 просмотра
Жылой колледжінің студенттері сыйлық алды Басқа жаңалықтар

Жылой колледжінің студенттері сыйлық алды

Жаңа оқу семестрінде Сафи Өтебаев атындағы Жылыой мұнай және газ технологиялық колледжінің студенттері тәжірибелік сабақтарға көп көңіл бөлді. Осы орайда, Қазақстандағы Compass Group компаниясының бөлімшесі ЮСС Супорт Сервисез оқу орнын 50 түрлі жаңа құрал-жабдықпен қамтамасыз етті. Слесарлық, жаттығу, моторлы-агрегаттық, дәнекерлеу, жөндеу, агрегаттық және электр цехтары қайта жабдықталды.   PR Сурет 14 ақпан 2020, 19:57 4 987 просмотра
Атырау судьялары: «Ашық хат жазған адвокаттың үстінен полицияға шағым түсірдік» Басқа жаңалықтар

Атырау судьялары: «Ашық хат жазған адвокаттың үстінен полицияға шағым түсірдік»

Адвокаттың даулы ашық хаты, бостандықта жүрген жемқор полковник және басқа да мәселелер туралы Атырау соттарының 2019 жылғы жұмыс қорытындысы жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды. 14 ақпан 2020, 16:31 4 765 просмотра
Орталық көпір қайта жаңғыртылады - жоба сараптамаға жіберілді Басқа жаңалықтар

Орталық көпір қайта жаңғыртылады - жоба сараптамаға жіберілді

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жақында сөйлеген сөзінде қала әкіміне шұғыл түрде орталық көпірді жөндеу бойынша шара қабылдауды тапсырды. Төменде осы мәселе төңірегіне тоқтала кетейік.  13 ақпан 2020, 12:49 3 090 просмотра
Сарыөзек нәжісті жаңбырдың астында қалды Басқа жаңалықтар

Сарыөзек нәжісті жаңбырдың астында қалды

10 ақпанда туберкулезге қарсы аурухана маңындағы саяжайлар тұсында Атыраудың оң жақ жағалауынан Квадрат булану алаңына нәжіс суын жеткізетін негізгі кәріздік коллекторда апатты жағдай орын алды. Толықтырылды Бейнежазба 11 ақпан 2020, 13:38 3 675 просмотра
Ұшақ қанатының астындағы үйлер Басқа жаңалықтар

Ұшақ қанатының астындағы үйлер

Алматы түбіндегі ұшақ апатынан кейін Қазақстанда әуежай маңындағы үйлер құрылысының заңдылығы жөнінде мәселе көтерілген болатын. Бізге алысқа барудың қажеті жоқ, өзіміздің Атырауда ұшақтар Нұрсая, Лесхоз ықшамаудандарындағы жеке үйлердің ауласының үстімен қалықтап, әуежайға қонатынын бәрі көріп жүр. Ал тұрғындар сол ұшақтармен түскен «романтикалық» бейнежазбаларын әлеуметтік желіде жиі жариялайды. 12 ақпан 2020, 15:48 4 136 просмотра
Браконьерлер енді қатаң жазаланады Басқа жаңалықтар

Браконьерлер енді қатаң жазаланады

Қазақстанда браконьерлік үшін жаза күшейтілді. Қылмыстық кодекстің осы бөлігіндегі өзгерістер туралы «АЖ» тілшісіне Атырау аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының табиғи ресурстарды қорғау бөлімі басшысының орынбасары Олег ТУШКАНОВ әңгімелеп берді. 12 ақпан 2020, 14:12 3 467 просмотра
Мердігер талапты орындамаса не істейсіз? Басқа жаңалықтар

Мердігер талапты орындамаса не істейсіз?

Мақат кентіндегі «Болашақ» ықшамауданында 2017 жылғы шілде айында  жұмыс сомасы 54 млн теңгеге бағаланған  ауданы 3900 шаршы метр жерді демалыс орнының құрылысы басталды. Нысан 2018 жылдың желтоқсанында тапсырылуы тиіс еді, бірақ мердігер мұны орындамады.  Сурет Бейнежазба 12 ақпан 2020, 10:33 2 906 просмотра
Жұмысберушілер  бережақтарын өтей бастады Басқа жаңалықтар

Жұмысберушілер бережақтарын өтей бастады

Атырау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасында 16 инспектор жұмыс істейді. Халықаралық еңбек ұйымдары конвенциясына сәйкес, инспекторлардың саны қызметкерлердің саны мен санаты және халықаралық еңбек ұйымдарының ұсынысымен кем дегенде 10 мың адамға біреу болуы керек. Статистикалық мәліметтер бойынша Атырау облысында 280 мың адам еңбек етеді, яғни штатта 28 қызметкер болуы тиіс. Бұл туралы «АЖ»-ға  басқарма басшысы Игілік ӘУБӘКІРОВ айтып берді. 11 ақпан 2020, 17:21 2 679 просмотра