Атырау, 25 сәуір 13:42
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Атырауда

Жылойда мектеп есепшісі 24 миллион жымқырған Оқиға

Жылойда мектеп есепшісі 24 миллион жымқырған

Атырау облысы бойынша Тексеру комиссиясы білім беру саласында бюджет қаржысын ұрлау фактілетін анықтады. Өткен жылы жүргізілген аудит нәтижесінде 200 миллион теңгеге жеткен әртүрлі қаржылық бұзушылықтар орын алған. Оның ішінде тексерушілер бюджет қаржысын ұрлаған екі мектептің есепшісін тапты. Жақында соның біріне ҚР ҚК 189 бабы 3 бөлігімен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi ірі мөлшерде иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сот үкімін шығарды.  3 наурыз 2020, 23:42 5 095 просмотра
Демперде жоқ, бірақ сабыр сақтаңыздар! Басқа жаңалықтар

Демперде жоқ, бірақ сабыр сақтаңыздар!

Әлемде COVID-19 коронавирусының жаппай таралуына байланысты Қазақстанда алдын алу шаралары жүргізілуде. 2 наурыздан бастап Атырауда мектеп директорларына қалалық білім бөлімі коронавирус тақырыбына сынып сағаттарын өткізу, ақпарат бұрыштарын ұйымдастыру, зарарсыздандыру құралдарымен қамтамасыз ету және оқушылар мен мұғалімдерге медициналық демперде тағу жөніндегі хабарламасын таратты. Бұл хабарлама 27 ақпандағы ҚР Ғылым және білім министрлігінің хатын негізге алып жазылды. 3 наурыз 2020, 17:18 3 868 просмотра
Атырауда құрылыс салушы екі компания «қара тізімге» ілінді Басқа жаңалықтар

Атырауда құрылыс салушы екі компания «қара тізімге» ілінді

Ақпан айының соңында Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы үлескерлердің ақшасын тартуға жергілікті билік органдарының ресми рұқсатынсыз жылжымайтын мүлікті сататын компаниялардың «қара тізімін» жаңартты. Қара тізімде Атырау қаласында элиталық 4 үй салып жатқан екі ЖШС де бар. 3 наурыз 2020, 16:40 6 513 просмотра
Атыраулық бала түрік әкесімен қайта қауышты Басқа жаңалықтар

Атыраулық бала түрік әкесімен қайта қауышты

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен Түркия азаматына Қазақстандағы 10 жасар ұлына 7 жылдан кейін әкелік құқығы қайтадан берілді. Осы хикаяға толығырақ тоқталып өтейік. 3 наурыз 2020, 15:18 3 746 просмотра
«Аймұрзиева өз кінәсіне лайықты жаза алды» Басқа жаңалықтар

«Аймұрзиева өз кінәсіне лайықты жаза алды»

28 ақпанда Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВАҒА 5 млн теңге көлемінде айыппұл салынған үкім жарияланғаннан кейін әлеуметтік желілерде «Неге оңай жазамен құтылды?» деген сұрақтар туындай бастады. «АЖ» тілшісі осыған орай Атырау қалалық №2 сотының төрағасы Мейрамбек НАҒАШЫБАЕВҚА хабарласқан болатын. 3 наурыз 2020, 14:33 4 349 просмотра
Экология министрі балықшыларды қуантты Экология

Экология министрі балықшыларды қуантты

Отандық балық және балық өнімдері нарығының көлемі екі есе – қазіргі 66 мыңнан 120 мың тоннаға дейін - артуы мүмкін. Бұл туралы Атырауда өткен кеңесте ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзом МЫРЗАҒАЛИЕВ мәлімдеді. 3 наурыз 2020, 13:02 3 595 просмотра
Үйде піскен тамақтың қоспасы көп Басқа жаңалықтар

Үйде піскен тамақтың қоспасы көп

Асқан ет, қазы-қарта, кәмпит пен печенье, манты мен палау, шоколад пен газдалған сусындар – бұл той дастарханына қойылатын тамақтардың тізімі емес, Атырау тергеу изоляторына (УГ-157/1 мекемесі) тергеуде отырғандардың туыстары күн сайын алып келетін сәлем-сауқат. «АЖ» тілшісі бір күнін тергеу изоляторының қабылдау бөлімінде өткізді. Сурет 3 наурыз 2020, 10:00 5 588 просмотра
Балық инспекторы балықпен ұсталды Басқа жаңалықтар

Балық инспекторы балықпен ұсталды

Ақпанда ҰҚКД қызметкерлері Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының инспекторын ұстады. Облыстық прокуратура хабарлағандай, оның қызметтік көлігінен бекіре тұқымдас және қара балық табылған.   2 наурыз 2020, 16:48 5 133 просмотра
Қалқыма су бұрқақ болмауы мүмкін Басқа жаңалықтар

Қалқыма су бұрқақ болмауы мүмкін

Атырау облыстық әкімдік ғимаратының жапсарма құрылысының жобалық сметасына қайта түзету енгізіледі. Атап айтсақ, 6 қабатты деп жобаланған ғимарат енді 8 қабатты болмақ. Бұл туралы брифингте Атырау облысы құрылыс басқармасының басшысы Мәлік АМАНОВ мәлімдеді. 2 наурыз 2020, 14:07 5 085 просмотра
Жайықтан бір жарым центнер тартатын қортпа ауланды Басқа жаңалықтар

Жайықтан бір жарым центнер тартатын қортпа ауланды

1 наурызда кеште Жайық-Атырау бекіре балығын өсіру зауытының қызметкерлері Жайық өзенінен салмағы 148 келі, ұзындығы 2,2 метр болатын уылдырықты қортпа мен 4 бекіре аталығын ұстады. Бейнежазба 2 наурыз 2020, 13:03 3 528 просмотра
Атырауда әкімдік алдындағы алаңда белсенділерді ұстады. «Армяндық» жүргізушілер де жүр Басқа жаңалықтар

Атырауда әкімдік алдындағы алаңда белсенділерді ұстады. «Армяндық» жүргізушілер де жүр

Бүгін, 1 наурызда, Атырауда облыстық әкімдік ғимараты алдына келген бірнеше адам ұсталды. Олардың қатарында құқыққорғаушы Әсел НҰРҒАЗИЕВА, азаматтық белсенділер Зинат ОРЫНБАСАРОВА, Қасым ҚОЖАНТАЕВ, Серік ӨТЕПҚАЛИЕВ, және Басыр ДАУЫЛБАЕВ бар. Ал құқыққорғаушы Дарья ОЛЖАҒАЛИЕВАНЫ үйінің алдынан алып кеткен. Толықтырылды Сурет 1 наурыз 2020, 23:58 4 897 просмотра
Бізді бес жыл бойы заңсыз ажыратып келді Басқа жаңалықтар

Бізді бес жыл бойы заңсыз ажыратып келді

1 теңге бережақ  үшін электр энергиясын жеткізуді тоқтатады делінген  «Электр энергиясын пайдалану қағидаларындағы» түзетулер күшіне енгеннен кейін қазақстандықтар қарапайым халыққа неге осылай қарайды деп наразылық білдіре бастады. Оған қоса қайта жалғау үшін жеке тұлғалардың ішінде пәтер тұрғындары 6730 теңге, ал жеке тұрғын үй секторының тұрғындары 10115 теңге төлеу қажет.  Осыған байланысты «АЖ» әдейі ҚР вице-министрі Қайрат РАХИМОВҚА жолыққан еді. Анығында барлығы бұрыннан бар қағида, өзгергені - қарыз туралы хабарлама жіберу тәсілдері ғана. Толығырақ төменде. 1 наурыз 2020, 22:44 3 160 просмотра
...Олардың тоғызы ғана қалды Басқа жаңалықтар

...Олардың тоғызы ғана қалды

Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысының ардагерлері 300 мың теңге мөлшерінде бір реттік материалдық көмек және бағалы сыйлықтар алады. Қазір біздің облысымызда олардың тек 9-ы ғана қалды. 8 Атырау қаласында, 1 Құлсарыда тұрады. 29 ақпан 2020, 12:10 4 390 просмотра
«D» санаты бар куәлікпен жұмыссыз қалмайсың Басқа жаңалықтар

«D» санаты бар куәлікпен жұмыссыз қалмайсың

28 ақпанда қалалық жұмыспен қамту орталығында осы жылдың алғашқы бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Атыраулық 12 компания 342 бос жұмыс орындарын ұсынып, 400-ге жуық түйіндеме қабылдады. Былтыр осындай 8 жәрмеңке ұйымдастырылып, нәтижесінде 300-дей адам тұрақты жұмысқа орналасқан еді. Сурет 29 ақпан 2020, 01:50 3 787 просмотра
Атырауда биыл 19 үй терможаңғыртудан өтеді Басқа жаңалықтар

Атырауда биыл 19 үй терможаңғыртудан өтеді

- 4-уі жергілікті бюджет, қалғаны – республикандық бюджет есебінен. Бұл туралы брифингте қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қайрат ХАБИЕВ (суретте) хабарлады. 4 үйдің күрделі жөндеуіне жергілікті билік 200 млн теңге бөліп отыр. Үш үй СМП-163-те орналасқан болса, біреуі Авангард-2 ықшамауданында. «Республикалық» 15 үй Атыраудың әр жерінде – СМП-136, СМП-163, Авангард, Балықшы және Вокзал маңында орналасқан. 29 ақпан 2020, 01:15 2 081 просмотра
Газ мамандары кәсіпкерлердің сотқа жүгінуден шаршағанын күтіп жүр ме? Басқа жаңалықтар

Газ мамандары кәсіпкерлердің сотқа жүгінуден шаршағанын күтіп жүр ме?

Атырау облысының прокуроры Халидолла ДӘУЕШЕВ кәсіпкерлермен кездесті. Олар көтерген мәселенің негізгі бөлігі тағы да сол «КазТрансГаз Аймақ» мекемесінің қызметі мен жер мәселесін шешуге қатысты болып шықты.   29 ақпан 2020, 00:22 2 640 просмотра
Атырауда қоқыс шығару тарифі екі есе өсті Басқа жаңалықтар

Атырауда қоқыс шығару тарифі екі есе өсті

Атырау әкімдігінде қоқыс шығару тарифін көпқабатты үйлерде адам басына айына 117 теңгеден 197 теңгеге дейін, жеке секторда 126,18 теңгеден 214,56 теңгеге дейін көтеруге шешім шығарғаны туралы бұдан бұрын «АЖ» жариялаған болатын. Бүгін, 28 ақпанда, депуттар осы шешімді қалалық мәслихат сессиясында бекітті. 28 ақпан 2020, 17:35 2 783 просмотра