Атырау, 5 мамыр 05:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Жайықтан бір жарым центнер тартатын қортпа ауланды

Бейнежазба
3 550 просмотра


1 наурызда кеште Жайық-Атырау бекіре балығын өсіру зауытының қызметкерлері Жайық өзенінен салмағы 148 келі, ұзындығы 2,2 метр болатын уылдырықты қортпа мен 4 бекіре аталығын ұстады.

- Мұздың ерте кетуіне байланысты ау тартуды 23 ақпанда бастап кеттік. Күні кешеге дейін ауға ешбір балық түспеді, енді міне, қараңыз, қандай балықтың түскенін! Шамасы балық енді көріне бастаған сияқты, - дейді балық өсіру зауытының директоры Ғилыман СӘРСЕМӘЛИЕВ.

- Сіз бұл олжаны өзен сағасында қытайдың “CNCEC” компаниясы жүргізіп жатқан  тереңдету жұмыстарымен байланыстыра аласыз ба?   

- Бұл тереңдету жұмыстары балық шаруашылығы үшін өте тиімді және көктемгі балық аулау маусымына жақсы әсерін тигізеді. Біз уылдырықты бекірелерді аулау бойынша жоспарды орындаймыз деген үміттеміз.

- 2018 жылдың желтоқсанында зауытта аналық үйірлер қырылып қалған болатын. Қазір қалпына келтіру жұмыстары қалай жүріп жатыр?

- Біз бұл жұмысты өткен жылы жүргізіп, ішінара қалпына келтірдік. Бұл қортпа өз уылдырығын шашқан соң, аналық үйірге қосылады.  

- Ал егер уылдырықты балық ауға түспесе, қолда бар балықтармен будандастырып, теңізге жіберу үшін шабақтарды өсіріп шығара аласыздар ма?

- Біз мемлекеттік тапсырыс аясында будандастырылған бекіре тұқымдас балықтардың шабақтарын өсіріп, теңізге жіберуге қақымыз жоқ. Бірақ бұл қызметпен тауарлық бекіре шаруашылығы бағдарламасы аясында айналысуға болады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

2 наурыз 2020, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.