Атырау, 20 мамыр 13:03
 ашықВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Барлық жаңалықтар

Коммунистерге тыйым салынды Саясат

Коммунистерге тыйым салынды

Алматы ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен Қазақстанның коммунистік партиясының қызметі тоқтатылды. ҚКП-ның көшбасшысы Ғазиз Алдамжаров мұны алдағы (шамамен келесі жылдың ақпан айында) мәжіліс сайлауымен байланыстырып отыр. 13 қазан 2011, 18:24 2 581 просмотра
«Біз қазақ халқының алдында әрдайым қарыздармыз» Мәдениет

«Біз қазақ халқының алдында әрдайым қарыздармыз»

Өткен аптада Атырауда корей халқының мәдени күндері ерекше аталып өтілді. Ерекше дейтініміз, биыл Атыраудағы «Тхоньил» корей этномәдени орталығының құрылғанына 20 жыл. Қазақ елінің тәуелсіздігінің мерейтой қарсаңына тұспа-тұс келген айтулы күнге корейліктер республиканың әр аймағынан жиналды. 13 қазан 2011, 17:05 7 180 просмотра
Сөзге шешен министр Атырауды майын тамызып мақтады Саясат

Сөзге шешен министр Атырауды майын тамызып мақтады

Дүйсенбі күні «Атырау» мәдениет орталығында облыстық әкімдіктің активі болып өтті. Мәдениет министрі Мұхтар ҚҰЛ-МҰХАММЕД АҚШ-тың негізін салғандарды, Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫ және Сұлтан БЕЙБАРЫСТЫ сөзге араластыра, көсілте сөйледі. 12 қазан 2011, 18:15 4 431 просмотра
Қару асынған балықшы Қоғам

Қару асынған балықшы

Атырауда суасты аңшыларының қоғамдастығы бар деп кім ойлаған. Қоғам мүшелері өзара тәжірибе бөлісіп, суға бірге сүңгиді. Отбасыларымен ұнамды жерлерге шығып тұрады, олжаларымен мақтанады. Сіздерді олардың ішіндегі ең тәжірибелісі Георгий РАДЧЕНКОМЕН таныстырайын. 12 қазан 2011, 17:51 2 756 просмотра
Қоғам

«Бір сағатқа күйеу керек»

Үйде ер адам болмаса электр нүктесін жөндеу, су кеткен кранды немесе батареяны жамау, лампаны бұраудың өзі проблемаға айналады. Шеберлерді жеке-жеке шақыру да әбігер әрі тиімсіз. Әйелдердің осы сұранысына арналғандай, газеттерде «Муж на час» деген хабарламалар пайда бола бастапты. 12 қазан 2011, 18:54 4 667 просмотра
Жеке балабақшалар ақысы: Атырауда - 70 мың, Ақтөбеде - 20 мың Қоғам

Жеке балабақшалар ақысы: Атырауда - 70 мың, Ақтөбеде - 20 мың

Бізге үйреншікті балабақшалар – ұзын-сонар кезек пен лық толған топтардан тұрады. Ал жеке балабақшалардың жағдайы анағұрлым жақсы. Топтағы балалар саны 15-20-дан аспайды. Олармен логопедтер, психологтар, хореографтар айналысады, оларға ағылшын тілін үйретеді. Одан басқа, заманауи ойыншықтар, қолайлы балалар керуеті (жиналмалы керуеттің орнына) және ешкіммен бөліспейтін киім салатын шкафтар бар. 12 қазан 2011, 18:26 12 045 просмотра
Табиғат тағылықпен тапталуда Экология

Табиғат тағылықпен тапталуда

Табиғатқа тағылық жасау Индербор поселкесінде де орын алып отыр. Поселкеде тазалықпен айналысатын бірден бір мекеме  «Индер Келбет» ЖШС  өткен жарты жылдықта 1296 тонна тұрмыстық қатты қалдықтарды рұқсатсыз шығарған. 12 қазан 2011, 18:33 8 820 просмотра
Басқа жаңалықтар

Қысқа қайырғанда

Қазақстанның судан құтқару қызметі 8 қазанда өзінің он бес жылдық мерейтойын атап өтті. Атырау судан құтқару қызметінің бастығы Ершат Қибашевтың айтуынша, мерекені біздің қаламызда да атап өтіпті. «Біз өз қызметкерлеріміз арасында сайыстар ұйымдастырдық. Құтқарушылар ұзақ қашықтыққа жүгіріп, ескек қайық жарысына қатысты. Кім жеңді дейсіз бе? Әрине, достық жеңді». Мереке соңында ерекшеленгендер құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталған. 12 қазан 2011, 18:08 1 936 просмотра
Мұнайшылар неге ашуланды? Қоғам

Мұнайшылар неге ашуланды?

Жаңаөзен қаласының  орталық алаңынан төрт айдан бері тапжылмаған мұнайшылар «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры басқарма  төрағасы Тимур ҚҰЛЫБАЕВТЫ Маңғыстауға шақырып отыр. Оған Құлыбаевтың жуырда өткен «Самұрық Қазына» қоры жанынан  құрылған «Эксперт» пікірталас  клубында айтылған пікірі себеп болыпты. 6 қазан 2011, 11:40 2 372 просмотра
Қырандар  ажалын электр желісінен тауып жатыр Экология

Қырандар ажалын электр желісінен тауып жатыр

Облыстық табиғи ресурстарды және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы 6-10 киловольт кернеулі электр жеткізу желілерінің құстарға әсерін зерттеу бойынша ғалымдар жүргізген жұмысты қаржыландырған еді. 6 қазан 2011, 12:32 11 123 просмотра
Басқа жаңалықтар

Қысқа қайырғанда

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Серік САПАНОВТЫҢақпараты бойынша, қазіргі кезде Атырау облысында 13 865 мүгедек жандар тұрады екен, оның 1 841-і – балалар. 6 қазан 2011, 11:36 1 738 просмотра
Ұлттық қолөнерді дамыту өскелең ұрпақтың борышы Мәдениет

Ұлттық қолөнерді дамыту өскелең ұрпақтың борышы

Ұлттық қолөнерді дамыту үшін не істеу керек? Бабадан қалған дәстүрді қайткенде шашауын шығармай ұрпаққа қалдыруға болады? Бұл сауалдарға жауап  жуырда өткен семинарда ізделді. Оған қаладан және аудандардан әуесқой және кәсіпқой қолөнершілер қатысып, өз бұйымдарын көрмеге ұсынды.      6 қазан 2011, 12:03 19 439 просмотра