Атырау, 19 сәуір 16:18
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Сенбілікке 11 мың адам жұмылды

2 171 просмотра

20 қыркүйектен  20 қарашаға дейін Атырауда санитарлық екі айлық жарияланған болатын. 1 қазан күні қалалықтар сенбілікке шықты. Қаланы тазартуға 11 мыңнан аса адам қатысқан.

«Бұл санитарлық тазалық екі айлығы жарияланғаннан бергі есеп бойынша екінші рет өтіп отырған жалпы қалалық сенбілік. Сенбілікке барлығы 1 560 түрлі мекемелер қатысты. 1 066 текше метр күл-қоқыс шығарылды. Қалалық ПИК-нің жұмысын атап өткен жөн, өйткені олар бұл жолы барынша белсенділік танытты. «Қала аулаларында түрлі кооперативтердің 800-дей қызметкерлері түрлі тазалық жұмыстарын атқарды»,-дейді қалалық әкім-діктің баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА. Оның айтуынша, қазір сенбілік жұмыстарын жүргізуге ауа-райының қолайсыздығы кедергі келтіріп отырған көрінеді. Алайда, оған қарамастан көшеттерді отырғызуға дайындық жұмыстары жүргізілген, айталық, мектеп және балабақшалар аулаларында ағаш отырғызылатын шұңқырлар қазылып, аумақтар тазартылған. Биылғы жылы қалалық білім беру бөлімі мен ТКШ бөлімінің сұранысы бойынша 5700 көшетке тапсырыс берілген екен.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

6 қазан 2011, 11:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.