Атырау, 29 наурыз 20:09
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Өрт үш адамның өмірін қиды

1 946 просмотра

2 қазан күні таңда Авангард мөлтек ауданындағы бес қабатты үйлердің бірінен шыққан өрттің салдарынан екі адам  көз жұмды.

Облыстық Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз хатшысы Самал ӘБИРОВАНЫҢ айтуынша, өрт 4-ші мөлтек аудандағы №9 үйдің бесінші қабатында таңғы сағат бестерде басталған. Пәтерден қалың түтін шыққан. Өртті өшіру барысында 1983 жылғы туған әйелдің және 1979 жылғы ер адамның мәйіті табылған. Тағы бір 1979 жылы туған ер адам «улы газбен уланған» деген диагнозбен ауруханаға түскен.

Анықталғанындай, өрттің шығуына қонақ бөлмедегі жанған екі кресло себеп болған екен. Өртті сөндіруге жеке құрамның 10 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылған.

Ал, келесі күні Худина көшесіндегі жеке секторда бір тұрғын үй толығымен жанып кетті. Өртте 59 жастағы ер адамның қаза болғандығы белгілі болды. Өрттің шығу салдары анықталуда.

Лев ГУЗИКОВ

6 қазан 2011, 11:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.