Атырау, 19 сәуір 20:33
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Нұржанды «Пусть говорят» бағдарламасынан көрсетпек

5 157 просмотра

Жақында редакцияға Нұржан келіп кеткен еді. 11 қазанда ол әкесімен бірге Мәскеуге, танымал ресейлік ток-шоу  «Пусть говорят» бағдарламасына қатысуға аттанбақшы екен.

Нұржан ӨРКЕШБАЕВТЫҢтағдырын әрбір қазақстандық біледі. Ол туралы алғаш рет дәл біздің газетіміз жазған болатын. Ерте қартаю белгілері бар сирек кездесетін сырқаттың салдарынан Нұржанның бетін бала кезінен бастап терең әжімдер торлаған. Қызылқоға ауданының ұмыт қалған бір ауылында тұратын бұл жігіттің жасы қазір 20-ға келді. Оның есімі елге ол бала болған кезде танылды. Біздің газетке шыққан мақаладан кейін оны барлық телеканалдардан көрсетті. Оның тағдырына астаналық және шетелдік дәрігерлер алаңдаушылық білдірді. Оны тіпті, емдету үшін Германияға да апарды. Іздестіру жүйесіндегі «Нұржан Өркешбаев» деген сауал бойынша бүгінгі күні сіз ақпараттар легін ала аласыз. Алайда, мұндай танымалдықтан Нұржанға келіп-кетер ештеңе жоқ...  Бір кездері уәде етілген пластикалық ота мен пәтер туралы облыс орталығындағылар мүлдем ұмытып кеткен. «Ақ Жайық» газеті  бірнеше рет денсаулық сақтау министрлігі мен жергілікті атқару органдарына жазбаша хат және ауызша сұраулар салған еді. Алайда, құрғақ уәдеден басқа ешқандай нәтиже шыққан жоқ.

Жапондық мамандардың пікірінше, мұндай сырқатпен дүниеге келетіндер 4 миллионнан біреуі ғана екен. Бәрін білетін Интернет әлемде осындай «прогерией» (ағзаның ерте қартаюы) сырқатымен ауыратын барлығы 100 науқастың бар екендігін жазады. Солардың бірі – Нұржан. Ол күні бүгінге дейін дәрігерлік көмектен алыста, айдалада тұрады. Осыдан екі жыл бұрын облыстық аурухананың дәрігерлері жоспарлы тексеру барысында Нұржанның ішкі ағзаларының бірқатарының қатты дертке шалдыққандығын да анықтаған еді.

Бүгінде Нұржан мектепті және «Жол картасы» бойынша курсты аяқтады. Жұмысшы мамандығын алды. Жаздың басында ол қала әкімі Мереке Есмұратовтың қабылдауында болды. Әкім оның пәтер алу құқығын растаған болатын (кезекте 2006 жылдан бері тұр) және жұмысқа орналасуына көмектесетіндігін айтты. Нұржанмен әңгімеден соң Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВАМЕН хабарласқан едім, оның айтуынша, Н.Өркешбаев Мұқырда тіркелгенмен ол қаладағы үйге кезекке  қойылған және алғашқы ретте беріледі.

Енді міне, Нұржан Мәскеуге бармақшы.

- Маған ол жерде менің сырқатымды емдей алатын шетелдік дәрігерлер қарайды деп уәде етіп отыр. Мәскеуге жеткен бойда «Пусть говорят» бағдарламасының түсірілімдері жоспарланған және оны келесі аптаның ішінде көрсетпекші,-деп әңгімелейді Нұржан. Бәлкім, бұл Нұржан үшін өз тағдырын өзгертудің соңғы мүмкіндігі шығар. Нұржанның Мәскеуге барар сапарының бастамашысы шоумен Ерлан КҮМІСҚАЛИЕВ және ол онда аудармашы ретінде де болады.

Бірінші арнадағы хабардың эфирге шығу уақыты шамамен 18 қазан күні деп жоспарланып отыр. Нұржан бұл сапары туралы Ресей астанасынан оралған соң айтуға уәдесін берді.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

12 қазан 2011, 18:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.