Атырау, 19 сәуір 14:59
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Қару асынған балықшы

2 735 просмотра

Атырауда суасты аңшыларының қоғамдастығы бар деп кім ойлаған. Қоғам мүшелері өзара тәжірибе бөлісіп, суға бірге сүңгиді. Отбасыларымен ұнамды жерлерге шығып тұрады, олжаларымен мақтанады. Сіздерді олардың ішіндегі ең тәжірибелісі Георгий РАДЧЕНКОМЕН таныстырайын.

- Өзіңіздің алғашқы жүзгеніңіз есіңізде ме?

- Алғаш 12 жасымда демперде киіп алып сүңгідім. Қырымға ата-анаммен бірге демалуға барған едім. Суасты патшалығының әсемдігіне сүйсінгенім сондай, тыныстай алмай қалдым. Ағыс сылдырымен билейтін өсімдіктер, өрімделген маржандар, пысықай шаяндар, бақалшықтар мен маған әуестене қараған бадырақ көз балықтар. Өте жақыннан және жарық керемет түсіп тұрмаса да көрініп тұрды... Оны сондай ұстап алғым кеп кетті. Әрине, сол күні ұстай алмадым, бірақ тағы да сүңгіп, су астынан олжамен оралсам деген ой миыма әбден орнығып алды. Сол орныққаннан әлі қозғалған жоқ.

Біршама уақыт өткен соң Қырымда студент боп жүргенімде суасты аңшылығы үшін өзімнің алғашқы қаруымды сатып алдым. «Бұл не қару дейсіз бе? Ең қолайлы, рогатканың жетілдірілген түрі, тартатын резіңкесі бар қару болатын. Ал мен сондай бақытты едім. Сол жылдары мұндай қаруды сатып алу қиын болатын. Ал мен Симферопольдағы универмагтан «Акванавт» ескекаяғын сатып алдым, бұл кеңестік дәуірдегі үздік ескекаяқ болатын. Шамамен сол кезде өзімнің алғашқы балығымды ұстадым. Бірақ бұл балық ірі болмаса да, өзім үшін кеудемді мақтаныш кернеді. Негізінен бұлар теңіз шабағы, ұсақ ставрида сияқтылар еді. Мұның бұрын-соңды жеген ең дәмді кешкі ас болғанына күмәнім жоқ».

- Ал сіз Жайықта сүңгідіңіз бе?

- Қала маңындағы Жайық суасты аңшылығы үшін керемет жер емес. Ол өте лай болады, әсіресе жазда. Күзде анағұрлым жақсарады. Қыста да аңшылыққа шығуға болады. Бірақ арнайы саймандар керек. Ең алдымен суда жүзетін жақсы гидрокостюм қажет. Оның үстіне, бізде мұзы болмайтын кеңістік жоқ. Ал үкілерге сүңгіп кіруге болады, бірақ одан кейін шыға алмайсың. Ал жазда, басқа жерлерге шыққанды жөн санаймын. Мәселен, 15-ауыл тұсына шыққан жақсы. Ол жерде бірнеше керемет ескі арналар бар. Ол жердің суы тұнық, мөлдір, ал сазандары майлы әрі үрікпейді. Содан соң Махамбеттен сәл жоғарғы жақта орналасқан Забурынға аңшылыққа шыққан ұнайды. Пешнойда да жақсы. Ал, жалпы, Атырау мен Маңғыстау облыстарында мен сүң-гімеген жер қалмаған сияқты. Ол жердегі балықтардың көп-тігін айтсаңызшы...

- Сіздің үйіңізге әкелген ең үлкен олжаңыз қандай?

- Мына-а-адай сазан, - (қолының қимылына қарағанда, қармақ ұстаған балықшылар мен қару ұстаған балықшылардың көп айырмашылығы жоқ сияқты – А.П.) – Бұл балықтың салмағы 12 келідей боп қалатын шығар. Мүмкін одан да үлкен болар... Иә, үлкен.

- Аңшылық процесі қандай болатынын айтыңызшы.

- Нақты жағдайға: су қоймасының тереңдігінен бастап, судың мөлдірлігіне дейін байланысты болады. Бізде, әдетте, аңшылық ететін жерлердің тереңдігі тайыз, шамамен 2-3 метрдей. Олардың 5-6 метрге жететін кездері сирек кездеседі. Ескекаяқты киіп алып, тыныш қана сүңгисің. Балық көрген бойда үстінен қарумен атасың. Басқа да тәсілмен аулауға болады. Кеудеңе дейін қамысқа кіресің, қолыңа қаруыңды аласың, түтігі бар бетпердені киесің. Мұның тыныш жер болғаны жөн, сонда аңшылық ету де оңай болады. Ал әрі қарай, басқа аңшылар секілді азғана төзімділік, мергендік болса, олжаң да қолыңа түспек. Әрине, егер қысқы уақыт болса, тиісті саймандар қажет.

- Сіз қыста да шығасыз ба?

- Шыққанмын. Менің албырт әрекеттерімнің бірі еді. Бұл оқиға қыста емес, ерте көктемде болып еді. Маған туысқандарымның бірі қонақ боп келген болатын. Ал сыйлыққа жаңа костюм алып келді. Туысқандарымның бәрі мейрамда әдетте маған қару немесе қандай да болмасын саймандар тарту ететін. Костюмімді киіп алдым. Оның ішінен бірнеше гамаш бен кофта, сосын түтік пен бетпердемді кидім. Мені азғырған Мишка болса, мұрны қызарып жағалауда қалды. Жылынып алу үшін құлақшынын баса киіп, секіріп билеп қояды. Маған қарағасын тоңады ғой. Ал мен болсам мұздан жолымды тазартып, тұңғиыққа сүңгідім.

Мұндай мөлдір суды бұрын-соңды көрмеген екенмін. Ал судан жаңа піскен қарбыздың бұрқыраған иісі шығады. Әрі қатты суық еді. Менің бар есімде қалғаны осы. Өйткені сол күні түк балық болған жоқ. Тіпті ұсақ балық та болмады. Бірақ мен Мишаның құрметіне бөленіп, керемет әсер алдым және аздап тұмауратып қалдым.

- Сіздің туыстарыңыз бұған қалай қарайды?

- Жұбайым түсіністікпен қарайды. Ол да суды жақсы көреді, керемет жүзеді. Бірақ қанша үгіттесем де, қолына қару алмайды. Есесіне екі ұлым осынау дауасы жоқ әуесқойлық ауруына шалдыққан. Бірақ олар өздерін аңшылар деп емес, дайверлер деп есептейді.

- Биыл қыста аңшылыққа шығасыз ба?

- Көрерміз, бәлкім жазды күтетін шығармын. Ал бірақ түлкі аулауға шығам. Білесіз бе, өз қаруым болмаса құмарлықсыз көпке бара алмаймын.

Анастасия ПАСТУХОВА

12 қазан 2011, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.