Атырау, 25 сәуір 05:24
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Тілді үйренгеннен, көшкен оңай

2 889 просмотра

Соңғы кездері Ресейге көшуге ниет білдірген орыс тілді атыраулықтар саны айтарлықтай көбейген.

Бұл туралы Орал қаласындағы РФ елшілігі жанындағы отандастарды ерікті көшіруге жәрдемдесу жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі жұмысшы тобының жетекшісі Семен СТАРОСТИН хабарлады. Жыл басынан бері құжаттарын рәсімдеуге бергендердің нақты санын атаудан ол бас тартты. Ол тек Атыраудың елшілік қызмет көрсететін батыстағы төрт облыстың ішіндегі бастыларының бірі екендігін ғана айтты.  Елшілік қызметкерлерінің бақылауы бойынша бұған негізгі себеп орыс тілінің қолдану салаларының азаюы болып табылады екен. «Басқа да себептерді атайды, бірақ, дәл осы тілге қатысты мәселеге басымдық береді»,-дейді Старостин.

Шетелде тұратын отандастарына Ресейге ерікті түрде көшіп келуге жәрдем көрсету жөніндегі РФ мемлекеттік бағдарламасы РФ президентінің 2006 жылғы 22 маусымдағы жарлығымен бекітілген және 2012 жылға дейінгі кезеңге есептелген.

Анастасия ПАСТУХОВА

6 қазан 2011, 11:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.