Облыстық әкімдікте баспананы терможаңғырту бағдарламасына арналған мәжіліс өтті.
«РАХМЕТ, МЕМЛЕКЕТ»
– 2011-2012 жылдары облыста осы бағдарлама бойынша 45 тұрғын үй жалпы сомасы 1 млрд 376 млн теңгеге күрделі жөнделген болған. 2013 жылы бюджет қаржысы бөлінген жоқ. Биылғы жылы үкімет қаржыландыруды қайта бастады. Облыстағы 19 тұрғын үйді күрделі жөндеуге 650 млн теңге бөлінді, – деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ (суретте). – Алайда, егер облыс мемлекет бюджетіне 2011-2012 жылдары жөндеуге аударылған ақшаны қайтармаса, онда терможаңғыртуды жалғастыруға үлкен нүкте қоюға болады.
Әкім орынбасары бұрынғы оқиғаны қысқаша еске түсірді:
– Негізінде тұрғын үйлер жекешелендіруден кейін жекеменшікке айналды, мемлекет үшін бұл бағдарламаны тікелей қаржыландыру заңды бұзуды білдіретін. Кейін үкімет жөндеуді несиеге бөлінген қаржының есебінен жүзеге асыратын болып шешті. Мемлекетке осыған барғанына рахмет айту керек.
Алғыс айтуға ерте. Үйлерді терможаңғыртуды комиссия әлі күнге дейін қабылдаған жоқ. 2011 жылы жүзеге асырылған бағдарлама бойынша бір үй қабылдау комиссиясына тапсырылған жоқ. Ол кезде операторы «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы болатын. «Атырау қ. тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС жүргізген 2012 жылғытерможаңғырту бойыншаүш үй қабылданбаған.
ПИК БАС ТАРТЫП ЖАТЫР
«Атырау» ӘКК-ның мемлекеттік бағдарламалар департаментінің бас менеджері Гүлмира МЕҢДАЛИЕВАНЫҢайтуынша, Авангард, 3 ықшам аудандағы №49 үй, 2 ықшам аудандағы №3 үй және Махамбет көшесіндегі №119 үй мекенжайлары бойынша жасалған жөндеудің көлемін тексеру кезінде орындалған жұмыстар мен олардың сметалық құнының арасында айырмашылық байқалған. Одан бөлек, Құнанбаев көшесі, 17 «а» үйінде 1 млн теңге сомаға жақын айырмашылық білінген. Мердігер қаржылық бақылаушылардың қорытындысымен келіспеді. «Атырау» ӘКК мердігердің шарттық міндеттемелерініңүстінен орындамау фактісі бойынша сотқа талап-арыз түсірді.
Құнанбаев көшесіндегі №20 үйді жөндеу жұмыстарының құжаттарына қабылдау комиссиясы қол қою кезеңінде тұр. ӘКК өкілі Смағұлов көшесі, №56 үйдегі («Құлыбаев үйі») жағдайдың өте күрделі екенін айтады. Мұндағы ПИК пен мердігер орындалған жұмыстардың көлемі бойынша ортақ мәмілеге келе алмай отыр. Құбырларды ауыстыру бойынша жұмыстың жартысы ғана орындалған, шатырдағы құрылыс қалдығын тазалау ғана қалды. Мердігер мекеменің өкілі жөндеу сметасының әуел басында өрескел қателіктермен жасалғанын айтып отыр. Соның ішінде оған жылыту жүйесін жөндеуге сумен жабдықтауға арналған полиэтилендік құбырлар енгізіліпті. Компания өз есебінен шыны талшықты жылу құбырларын сатып алған, алайда енді өзгертулер енгізілген сметаға ПИК төрағасы қол қоюдан бас тартып отыр. Ал бұл сметаға сәйкес құбырлардың диаметрін үлкейтіп, бөлшектеу керек, жапсарсыз құбырларды және т.б. сатып алу керек.
– ПИК бізге облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы мен қалалық әкімдіктің өкілдері барлық тұрғындардың тиісті қолдарын жинайтынына уәде берді. Сол шартпен біз жұмыс істей бастадық, – деді құрылысшы қызбаланып.
– Басынан-ақ жөндеу жобалары үлкен кемшіліктермен орындалды. Себебі, бірнеше жобалаушы жұмыс істеді. Биылғы жылы барлық сметаны бір адам жасайды, – деп хабарлады облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Қуаныш МҰХАМБЕТҚАЛИҰЛЫ.
ШЕТІНЕН БӘРІ ЖАЛҒА БЕРУШІЛЕР
«Атырау қ. тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШСдиректоры Асылбек МҮЛІКОВТЫҢ айтуынша,2011 жылғы терможаңғырту бағдарламасына кірген 12 үйдің ішінде комиссия тек Махамбет көшесіндегі №118 «г» үйді ғана қабылдамаған. Ал 2012 жылғы бағдарламаға кірген 3 үй қабылданбай қалған.
Терможаңғыртуға бөлінген несие қаржысын қайтару жағы бұдан да нашар. Осы мәселеге орай облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Жандос СӘЛІМОВ былай депхабарлады:
– Терможаңғыртудан өткен үйлер 4 127 пәтерді құрайды, ал келісімшарттарға тек 2 118 пәтер иесі ғана, яғни, тең жартысы қол қойған. «Атырау» ӘКК-де 1 177 пәтердің ішінде 753-ікелісімшартқа қол қоймаған. Осыған байланысты тұрғындардың үстінен сотқа 84 талап-арыз берілген.
«Атырау қ. тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-де де жағдай осыған ұқсас – тұрғындармен арадағы 3 950 келісімшарттың небары 1 256-на ғана қол қойылған.Сотқа талап-арыз берілгелі жатқандығы жөнінде 1 182 жазбашаескерту хаты таратылған. Терможаңғырту бағдарламасының операторлары-ның екі өкілі де мәжілісте ПИК төра-ғаларының оларға үй тұрғындарымен келісімшарт жасасуға көмек көрсетпейтіндеріне шағымданды.
«Әнуар-Авангард» ПИК төрағасы Людмила ШАРОВАТОВАқордаланған мәселеге қатысты былай дейді:
– Мен2011 жылдан бері терможаңғыртумен айналысамын. Негізінде келісімшарттарға жөндеуді бастамай тұрып қол қою керек. Ал бізде қалай? Қыркүйекте жөндеуді бастайды, желтоқсанда аяқтайды, қаңтарда келісімшарттарды беріп жатады. 2011 жылы да, 2012 жылы да осылай болған.
Ал жалпы ПИК жиналысына қатысушылардың тізімі бар, қолдары бар. Егер тұрғындар қол қойса, мен олар терможаңғырту бойынша келісімшарттарға қол қоюлары тиіс деп есептеймін.
Келісімшарттарға қол қоймайтындардың көбі жалға берілетін пәтерлердің қожайындары. Менде, мәселен, №11 үйдің 2-ші подъезінде пәтерлердің екі қожайыны ғана тұрады, қалған 18 пәтер жалға беріледі. Мен бұл жерде салық департаментін іске араластыру қажет деп санаймын.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ