Атырау, 24 қараша 20:03
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Отандық өндірушілер теңгенің құнсыздануынан келер пайданы жоққа шығарды

1 710 просмотра

Фото: lifansolano-club.ru Фото: lifansolano-club.ru Қазақстан экспорт бойынша 119 елдің ішінде 42 орынды иеленеді. Бұл туралы "Kaznex Invest" Ұлттық агенттігінің өкілдері хабарлады.

Ал ақшаның құнсыздануы отандық тауарларды экспорттауға оң әсер етіп, елдегі ішкі сауда балансын жақсартады екен. Алайда, алматылық тауар өндірушілер онымен келіспейді. Керсінше, "девальвация табысты қысқартып, шығынымызды арттырды", - дейді олар.

Алматыдағы "ҚазҚұрылысӘйнек" кәсіпорны - 10 жылдан бері сапалы әрі қауіпсіз әйнек өңдеумен айналысып келеді. Зауыт 100-ден аса адамды жұмыспен қамтуда. Компания өз өнімдерімен Алматы ғана емес, еліміздің басқа аймақтарын қамтамасыз етуде, тек 5 пайызы ғана экспортқа шығарылады екен.

"Бірақ теңгенің құнсыздануы - шығынға батыруда, өйткені елімізде әйнек шығаратын зауыт жоқ, бәрін шетелдерден сатып аламыз", - дейді ол.

Өзін өзі қамтамасыз ететін мемлекеттердің экспорт пен импорты ІЖӨ шаққанда 10-12 пайызды қамту керек. Ал бізде "бұл көрсеткіш 30 пайыздан асып кетеді", - дейді экономистер.

Шағын және орта бизнеске жаппай, іс жүзінде қолдау жасамай, еліміз өзін өзі ешқашан қамтамасыз ете алмайды.

Мәселен, шағын және орта бизнесті дамыту үшін банктерде несиенің пайыздық мөлшерлемесін азайту керек. Ал, импортқа тәуелді бола отырып - экономиканың өркендету мүмкін емес.

"Экспорттың көлемі шикізаттан өспеу керек. Дайын өнімнен өсу керек. Пайда сонда бізде қалады, Біз шикізатты өзіміз өңдеуіміз керек", - дейді экономика ғылымының докторы Бейсенбек Зиябеков.

"Девальвация экономиканың айнасы",- дейді ол. Яғни бір ғана Ұлттық банк емес, оған әсер еткен бірнеше фактор бар. Біріншіден, бәсекелестік жоқ. Екіншіден, баға саясаты жолға қойылмаған. Ең бастысы жемқорлық жойылмай - экономиканы дамыту мүмкін емес.

"Біздің мемлекеттің мақсаты халықтың жағдайын жасау. Екінші қорғаныс. Осы екі мақсатқа барлық сала тән келе ма, жоқ па, соған байланысты баға беру", - дейді ғалым.

Яғни, девальвациядан тұтынушылар зардап шегеді. Оның пайдасынан зияны көп болып отыр. "Ең бастысы халыққа тұрақты теңге қажет", - дейді экономист.

Дереккөз: nur.kz

17 ақпан 2014, 16:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.