Дүйсенбі күні таңертеңгілік аспандағы ерекше құбылысқа Ардақ есімді оқырманымыз куә болған екен.
- Жұмыс бабымен көшеде көп жүремін. Сағат 10-дардың шамасында кеңседен шығып келе жатып, жұмысшылардың таңданған дауыстарын естідім. Барлығы аспанға көз тігуде. Күн қораланып, айналасында екі шағын күн жарқырап тұр екен. Әрине, мен жалма-жан телефонымды қолыма алып, бірнеше рет суретке түсіріп алдым, - деді Ардақ суреттерді бізге беріп тұрып.
Біз Ақтөбе облыстық планетарийінің мамандарымен хабарластық. Олар төмендегіше түсінік берді:
- Атырау тұрғындары көрген аспандағы жалған күндер – бұл паргелилер, ал күннің айналасындағы түрлі-түсті қоралану – бұл гало. Тынық аязды ауа райында болатын қарапайым құбылыс. Паргелилер бір, екі, үш, төрт, кейде бес күн түрінде де байқала алады.
Паргелилер – миллиондаған линзалар сияқты әрекет ететін атмосфераның жоғарғы қабаттарында болатын жалпақ, алты бұрышты кристалдар жұмысының нәтижесі. Осы кристалдар айнала отырып, жалпақ беті жерге қарайды. Әр кішкене мұз кристалл күн сәулесін сындыратын шағын призма сияқты қызмет атқарып, түрлі-түсті кемпірқосақтарды құрайды. Егер кристалдар ретсіз орналасқан болса, онда күн галосы көрінеді – бұл да қызық құбылыс. Егер кристалдар белгілі бір бағытқа бет алса, онда біз «жалған күнді» көре аламыз. Қырағы атыраулықтардың жолы болған – олар аспаннан галоны да, паргелиді де көре алды.
Тамара СУХОМЛИНОВА