Атырау, 26 қараша 18:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Облыстық ауруханадағы жоғары технологиялар

3 452 просмотра

Өткен аптада Атырау облыстық ауруханасының хирургтары бүйректі лапароскопиялық әдіспен алып тастау операциясын жасады.

БАТЫСТАҒЫ АЛҒАШҚЫ ОТА

- 30 жастағы ер адамға лапароскопиялық нефрэктомия жасалды, - дейді облыстық аурухананың бас дәрігерінің хирургиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Хайрекен ҚАДИРОВ (суретте). Бұл - Батыс Қазақстанда өткізіліп отырған осындай алғашқы ота. Оны біздің хирургтарымыз Аманжол ДҮСІПОВ пен Азамат ЕРБОЛОВ жасады. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы қанағаттанарлық. Ауруханадан жазылып шықты.

Дәрігерлердің айтуларынша, лапароскопиялық нефрэктомия күрделі оталардың қатарына жатады және оны тек тәжірибелі хирургтар ғана жасайды.

- Біздің ауруханада мұндай күрделі операцияларды жасай алатын 5-6 маман бар, - дейді Қадиров. – Хирургтарымыздың барлығы республикалық орталықтарда, Еуропаның лапароскопиялық хирургия мектебінде маманданудан өтеді, «Астана» медицина университетінің эндохирургия кафедрасының меңгерушісі, профессор Орал ОСПАНОВПЕН бірге осы операцияларды үйрену бойынша көшпелі циклдарға қатысқан. Бүгінде осындай жоғары технологиялық операцияларды өзіміздің жасай алатын мүмкіндігіміз бар.

Лапароскопияның артықшылығы – ең алдымен пациент аз жарақатталып, тиісінше, анағұрлым аз уақытта аурухана кереуетінде жатып, оңалады.

- Бұрын бүйректі алып тастау үшін бел бөлігінен 20 см-ге дейін тілік кесілетін. Лапароскопия кезінде 1 см диаметрге дейін тесік жасалады. Бүйрек жұмыс істемей қалса, маржан тәріздес тастар жиналса, ісік болғанда, яғни, бүйректің әрі қарай әрекетсіз қалуы науқастың жалпы жағдайын нашарлатуға әкеліп соғатын жағдайларда бүйректі алып тастау керек болады, - дейді Х.Қадиров.

 

ТЫНЫС АЛУ…

Бұдан басқа, өткен аптада астаналық онкология институтының профессоры Рүстем МЕДЕУБАЕВ облыстық ауруханада кеңірдекті стенттеу отасын жасады. Х.Қадировтың айтуынша, бұл Атырау облысында өткізілген алғашқы операция екен. Бас-ми жарақатын алып, комаға түсіп кеткен пациент 18 күн жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

- Емдеу барысында 5 тәулікке оған трахеостома (тыныс алқымына жасалған тесік арқылы енгізілетін арнайы түтік) жасадық. Канюлаларды (түтіктерді) алып тастағаннан кейін онда тыныстау проблемасы пайда болды. Сондықтан біз Астанадағы әріптесіміз профессор Медеубаевты шақырттық. Ол науқастың кеңірдегіне стенттеу отасын жасады. Содан соң тыныс алуы қалпына келіп, пациент үйіне шығарылды. Бұл стент оның ағзасында кеңірдектегі саңылау диаметрі орнына келгенше 2-3 ай тұра алады.

Хайрекен ҚАДИРОВХайрекен ҚАДИРОВБолашақта облыстық аурухананың хирургтары өт өзегін стенттеуді жоспарлауда.

- Бізде қазір өт шығару жолдарының патологиясы, калькулезді холестицидтер жиілеп кетті. Кейбір науқастардың өз бетімен емделуіне қатысты асқынулар көп. Олар тастарды өздіктерімен ерітуге тырысады, нәтижесінде олар өт қабының қуысы арқылы шығады да төменге қарай түсіп, аш ішектің жолын бітеп тастайды. Яғни, өт жолының стенозы (тарылуы немесе бітелуі) орын алады. Мұндай жағдайларда біз эндоскопиялық стенттеуді қолдануды енгізгіміз келеді.

Қадировтың айтуынша, облыстық ауруханада эндоскопиялық әдіспен операция жасау холецистит сырқатының 80-90 жағдайында қолданылады екен.

- Біз дәстүрлі әдістерден алшақ кеттік. Тек адам қандайда бір себеппен үйде жатса немесе хирургиялық стационарға келмей, үйінде 72 сағаттан астам уақыт жүріп қалған жедел процестер орын алған кезде ғана қолданылады. Мәселен, Батыста аз ғана ауру белгілері пайда болса, адам диагностикаға келеді. Тас анықталып, оны алдыртып тастайды. Ал бізде ұстамасы бірнеше рет білінгенде де ауруханаға келмейді. Әдетте өзін-өзі емдеумен айналысып, дәрі ішеді де қояды. Бізге кеш қаралған соң, бұл дәстүрлі медицинаның жұмысын күрделендіре түседі.

 

…ЖӘНЕ ТАМАҚ ЖЕУ БАҚЫТЫ

Астаналық дәрігерлердің білімін жетілдіру институты мен «Астана» медицина университетінің эндоскопиялық хирургия кафедрасымен бірлесе жұмыс жасағанның арқасында онкологиялық науқастарға да стенттеу жасалады. Бірақ өкінішке орай, бұл жағдайда операцияның емдік әсері жоқ, ол тек науқастың азабын уақытша ғана жеңілдетеді.

Күю салдарынан өңештің беріштеліп тарылған үш жағдайында астаналық профессорлар келген екен.

- Кейде кездейсоқтықпен, кейде өз-өзіне қол жұмсау мақсатында жастар, әсіресе, қыздар сірке қышқылын ішіп қояды, - дейді Қадиров. - Егер дер кезінде көмек болса, оларды аман алып қалуға болады, бірақ олар өмір бойы мүгедек болып қалады. Өңеш химиялық күйік алып, адам тіпті суды да жұта алмай қалуы мүмкін. Бұл - тірі қалған адам үшін трагедия. Бізде және басқа да ауруханаларда бұған дейін әлденеше рет жүргізілген бужирлеу әдісі  маңызды әсерін тигізген жоқ. Қазір беріштеліп тарылуды емдеу үшін стенттеу қолданылады. Стент қажетті диаметрді автоматты түрде қабылдап, өңештің өткізгіштігін кеңейтеді. Адам тамақ жей бастайды, түзеліп, қалыпқа келеді. Нәтижесінде тарылған осы учаске өз қалпына түсіп, оны сақтап қалады. Содан кейін стент алынып тасталады. Күйік болса, мәселен, өңештің зақымдану аумағына қарай стент үш айға немесе жарты жылға орнатылады. Бәрі эндоскопияның малоинвазивті (яғни, аз зақымдалу) әдісімен жасалады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

Суретті түсірген автор

30 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.