Атырау, 26 қараша 19:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Бахромға арналған заң

2 821 просмотра

Осыдан бір ай бұрын президент көп күттірген «Еңбек көші-қон мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Осы құқықтық акті шетелдік қызметкерлерді жалдау рәсімін реттейді және жеңілдетеді – біздің жағдайымызда мәселе, ең алдымен, Өзбекстан азаматтары туралы болмақ («АЖ», №28, 17.07.2013, «Бахром заңның қабылдануын күтеді»).

Жеке тұлғаға шетел азаматын жұмысқа тарту рұқсаты 1 айдан 3 айға дейін, алға қарай 1 жылға созу құқығымен беріледі. Бұл тек Қазақстан Республикасымен визасыз қарым-қатынас жасайтын елдердің азаматтарына қатысты. ІІД-нің көші-қон полициясы басқармасының бастығы Берік АМАНГЕЛДІНІҢ айтуынша, бұл талап ТМД елдерінің (Түркіменстаннан басқа), сондай-ақ, Моңғолия азаматтарына ғана әрекет етеді.

Рұқсат алу үшін шетелдік қызметкер жеке табыс салығы бойынша 2 АЕК мөлшерінде алдын-ала төлем төлейді, яғни, рұқсат берілген әр ай үшін 3 704 теңге бюджетке кіріс әкеледі.

- Осылайша, егер рұқсатты бір жылға ұзартатын болса, төлемнің жалпы сомасы 44 448 теңгені құрайды, - дейді Б. Амангелді. – Бюджеттік кодекске сәйкес бұл қаржы облыстық бюджетке түсетін болады. Төлемдер екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асады, көші-қон полициясына төлем туралы түбіртекті ұсыну керек.

Тағы бір маңызды сәт – гастарбайтерлерді жұмыс беруші өзіне табыс түсіру мақсатында пайдалана алмайды – еңбек шартын тек үй шаруашылығын жүргізуге (бала күтуші, бағбан, аспаз, көлік жүргізушісі және т.б.), сондай-ақ, жұмыс берушінің жеке меншігіндегі тұрғын үйлерді салуға және жөндеуге ғана жасай алады.

Бір жеке тұлға бір уақытта бестен аспайтын мигрантты жұмысқа тарта алады.

- Бұл жұмыс жасайтын мигранттарды кәсіпкерлік қызметтерге, мысалы, құрылыс бизнесіне, қызмет көрсету саласына және т.б. пайдалану мүмкіндіктерін болдырмауға бағытталған, - деп түсіндірді Б. Амангелді. – Үй шаруашылығына бес адам артығымен жетеді.

- Рұқсатты қалай ұзартады?

- Рұқсатты созу кезінде өткен кезеңде жүзеге асырылған еңбек қызметіне жасалған еңбек шартының көшірмесі ұсынылады. Еңбек шарты рұқсат берілген талаптарды, яғни, жеке тұлғалардың үй қызметкерлері ретінде еңбек қызметін жүзеге асыруды орындағанын растау үшін қажет.

Рұқсат беруді созудың жалпы мерзімі бір жылдан аспауы қажет. Бұл шетелдіктердің елде «қоныстанып» қалу мүмкіндіктерін болдырмас үшін қарастырылған.

Елге екінші рет кіргеннен кейін шетелдік жеке тұлғалар да еңбек қызметін атқаруға жаңа рұқсат ала алады.

- Шетелдіктер жеке сәйкестендеру нөмірін (ЖСН) ресімдей ала ма?

- Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес, елімізге уақытша келген шетелдіктердің ЖСН алуына рұқсат етілген. ЖСН Қазақстан Республикасында төлем төлеу көзіне салық салынбайтын көздерден табыс алатын шетелдіктерге беріледі. Бұл санатқа жеке тұлғаларда жалданып жұмыс жасайтын мигранттар да кіреді.

ЖСН алуға өтінішті шетелдік уақытша қоныстанған жеріндегі салық органдарына береді.

2012 жылы 108 мың уақытша қоныстанған шетелдік ЖСН алса, 2013 жылы бұл сан 250 мыңнан асты.

-  Жұмыс беруші өзінде жұмыс жасап жатқан шетелдіктер үшін қандайма бір салық төлей ме?

- Жоқ, төлемейді. Жұмыс беруші тек шетелдікпен еңбек шартын жасау керек. Салық бойынша барлық төлемдерді шетелдік төлейтін болады:

- алдын-ала төлем – еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсатты ресімдегенде немесе ұзартқанда;

- егер оның табысы жыл аяғында алдын-ала төлем сомасынан асып кетсе, шетелдік кері есептеу жүргізіп, салықтың жетпеген сомасын енгізуі қажет.

- Шетелдік жұмыс күшін жалдаған азаматтар салық органына есеп-қисап тапсыруы керек пе?

- Қазақстан азаматтары үшін қандайма бір есеп-қисап тапсыру қарастырылмаған. Барлық статистикалық мәліметтерді жұмыс жасауға рұқсат беретін және уақытша қоныстанған жеріне тіркеуді ресімдейтін көші-қон полициясының бөлімшелері жинайды. Олар, сондай-ақ, салықтардың өз уақытында төленуіне бақылау жасау үшін салық органдарына еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат берілген шетелдіктер туралы ақпараттар беруі керек.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

16 қаңтар 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.