Атырау, 26 қараша 13:45
 бұлттыВ Атырау +2
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Екі жұт: сарып пен құрғақшылық

2 287 просмотра

26 қарашада «Жайық Ақпарат» баспасөз клубында Қызылқоға ауданының әкімі Мақсот МҰҚАНОВТЫҢ (суретте) қатысуымен брифинг өтті.

Әрине, аудан басшысы өңірдегі ахуалды жақсы күйінде таныстырғысы келді. Ол мал басының артып келе жатқанын атап өтті. «ҚайнарМұнайГаз», «Мәтен Петролиум» және «Сағыз Петролиум» аудан аумағында мұнай өндірумен айналысады. Осы жылдың қазан айында аудан орталығы – Миялы селосының тұрғындары су құбыры арқылы келетін ауыз суды пайдалануға мүмкіндік алды (аудан ауылдарының жартысынан көбі бүгінгі күнге дейін жер асты суларын пайдаланады). «Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында аудан орталығынан кейін үлкендігі жағынан екінші елді мекен – Сағыз селосына су құбырын салу жұмыстары жүріп жатыр. Ауданда 656 шақырым газ құбыры тартылды, халықтың 96%-ы орналасқан 80 елді мекен газдандырылды. Қалған 5 ауыл бағытында газ желілерін тарту жобасы әзірленуде.

Ауданда етек жайған малдың бруцеллезбен (сарып) ауруы туралы Мұқанов жағдай толық бақылауға алынған деп сендірді. Мұнда эпизоотикалық отряд жұмыс жасап жатыр. 46,7 мың сиырдың қанынан анализ алынып, олардың 583-інен қауіпті қоздырғыш табылды. Олар етті термикалық өңдеуден өткізетін қасапханаларға жөнелтілді. Сондай-ақ 151,9 мың қой тексеріліп, ауру анықталған 1 505 мал басы өртеу арқылы жойылды. Жойылған қойлардың иелері жалпы сомасы 21 млн теңге өтемақы алды.

Журналистердің сауалдарына жауап бере отырып, М. Мұқанов малдың осы сарыппен ауруының алғашқы белгілері сонау 80-жылдардан бастап байқалып келе жатқанын айтты. Ауру қауіпті емес деп есептелді. Нәтижесінде 2009 жылы аудандағы ірі қара басының 6%-ы инфекция жұқтырды. Ветеринарлардың күш салуымен бүгінде сиырлардың бұл аурумен ауруы 5 есеге азайды.

- Бүгінгі таңда барлық мал басы нөмірлі сырғалардың көмегімен бірегейленді және компьютерлік деректер қорына енгізілді. Ауру малды ауданнан шығару және сату мүмкін емес, - дейді Мұқанов. Ол бұл залалдан қызылқоғалықтарды толықтай қорғап қалудың сәті түспегенін де мойындады: 17 аудан тұрғыны сарып жұқтырыпты.

- Олар кезеңдермен стационардан ем алып тұрады, - деді ол.

Қорытындысында әкім бүкіл ауданды сумен қамтамасыз етіп тұрған Ойыл өзені суының тартылып бара жатқаны туралы қысқаша айтып өтті. Міне, үш көктемнен бері өзенге ағын су кірген жоқ. Өткен көктемде аудан делегациясы көрші Ақтөбе облысы Ойыл ауданында болып, өзеннің бес сағасын қарап келді – барлығы да құрғап қалыпты. Мұғалжардағы өзеннің бастау алатын жерінде де болды - өзен басталатын сағалардың барлығы жоғалып кетудің алдында. Ақтөбеліктер еш көмектесе алмайтындарын айтып, шарасыздық танытуда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

27 қараша 2013, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.