Атырау, 23 қараша 16:11
 дождьВ Атырау +12
$ 455.00
€ 498.77
₽ 5.56

Әке мен бала арасындағы іс қайта тергелетін болды

49 рет қаралды
Суретті түсірген Әділхан Сисеновтің немересі Сәуле
Суретті түсірген Әділхан Сисеновтің немересі Сәуле
Жылыой ауданында 20 қарашада бірнеше айға созылған сот тергеуі аяқталуы тиіс болатын. Алайда жәбірленуші, 89 жасар әкесін ұрып-соқты деп айыпталған күдікті 47 жасар ер адамға қатысты іс қайта тергеуге жіберілді. 

Сотта жәбірленушінің адвокаты Жанар Молдашева ұлының әкесіне қол көтеріп қоймай, әкесін азаптап қорлағанын айтып, істі қайта қарауды талап етті. 

- Дәрігерлер атамның денесінде жарақат бар екенін растаған болатын. Сол себептен бап өзеруі
 тиіс еді,
- дейді зейнеткердің немересі С.Әдилхан.

Бұдан бұрын сотқа өз аяғымен қатысқан 12 баланың әкесі, тыл ардагері, 3 топ мүгедегі Әділхан Сисенов ұлы Қанаттың қол-аяғын байлап ұрғанын айтқан болатын. Соның салдарынан микроинсулт алып, жадынан айырыла жаздағанын қария ашына жеткізді. 

Алайда бұл айыптаулармен ұлы  келіспей, жала жабу деп бағалады.  

Сот төрағасы Муратқали Ысқақов істің мән-жайын зерттеп, сараптай келе жәбірленушінің заңды өкілі Ж.Молдашева өтініш хат жолдап, сотталушының әрекетінен қорлау бар екенін айтқанын ескере отырып, істі Қызылқоға ауданы прокуратурасына қайта қарау жөнінде шешім етті. Сотталушы мен адвокаты бұл өтінішпен келіспейтінін айтып қарсылық танытты. 

Енді істі қайта қарайтын Қызылқоға ауданы прокуратурасы тергеу барысында нақтылайтын болады. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бүгін, 14:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.