Абу-Даби полициясы. Фото: Utro.ru25-30 қазан аралығында БАӘ-де ұсталған Орал және Атырау қалаларынан шыққан қазақстандықтарға қарсы Дубай әмірлігінің прокурорлары аса ауыр қылмыстар жасады деген айып тағып отыр.
Бүгін бұл мәліметтерді ақпарат агенттіктері Қазақстанның бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган МЕРКЕЛЬГЕ сілтеме жасап таратты: «Онда әртүрлі қылмыстар бар: кісі өлтіру, экономикалық қылмыстар, ұйымдасқан қылмыстық топтың көшбасшылары, әртүрлі онда. Әзірге ондағы біздің 10 азаматтың ішінде бірде-біреуіне қатысты экстрадициялау бойынша оң шешім қабылданған жоқ».
БАӘ-нің заңнамасы бойынша мұндай қылмыс түрлеріне ұзақ мерзімді қамау жазасынан (өмір бойы жазаны қосқанда) өлім жазасына дейін беріледі.
Біз бұрын да хабарлағандай, («Әмірлікте алғашқы боп Атырау тұрғыны ұсталды»), 25 қазан күні Абу-Даби әуежайында Атырау тұрғыны Мырзабек ҚАУТБАЕВ бірінші болып ұсталған болатын. Ал 30 қазан күні түнде тағы 12 (өзге мәліметтерде 13 адам делінеді) адам күш қолдану арқылы тұтқындалған. Полиция ұсталғандардың тұрғылықты мекенжайы бойынша табылған компьютерлер мен ұялы телефондарды өздерімен бірге алып кеткен.
Төрт аптадан астам уақыт ішінде қамауға алу себептері жөнінде ешкімге де мәлім болған жоқ. ҚР ІІМ-не де, БАӘ-дегі Қазақстан елшілігіне де. 8 қараша күні мен Дубайдағы бас консулдықпен байланысқа шықтым. Маған онда консул Шардж әмірлігіне (қамауға алынғандардың басым бөлігін сонда тұтқындаған) сұрау салды деп хабарлады. Басқа мәліметтерден біздің консул бейхабар болып шықты.
Ұсталғандардың ағайын-туыстары оқиғаның өріс алуын теледидар жаңалықтарынан білген. Олардың ІІМ-не, СІМ-не және елшілікке қайта-қайта жолығуларына қарамастан оларға әлі күнге дейін ештеңе хабарламаған. Қаутбаевтың анасы Айгүл ӘБУҒАЛИЕВА оларға айып тағылғандығы туралы таратылған ақпарат қате деп отыр:
- Бұл туралы бірінші болып таратқан телеарналардың біріне кеше хабарластық. Олар қателесіп кеткендерін айтып кешірім сұрады. Және жаңалықтар шығарылымының қайталауында бұл туралы қайталамады.
- Алайда бұл ақпаратты бүгін он шақты БАҚ таратты.
- Біз, ұсталғандардың ағайындары болып бәріміз бүгін Астанаға барамыз. Бізге әлі күнге дейін ресми органдар ешқандай мәлімет туралы хабарламады. Елші телефон арқылы олар Дубайдың бір жерінде отырғандарын, бірақ, нақты қай жерде отырғандарын білмейтінін мәлім етті. Ол осы аптада бәрі белгілі болады деді.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА
Біріккен Араб Әмірлігі мемлекеті аралас құқықтық жүйесіне кіреді. 1996 жылғы Конституциясына сәйкес, (7-бабы) шариғат заңнаманың негізі болып табылады. Алайда ол көбінесе жеке мәртебе қатынасы мен кейбір қылмыстық және процессуалдық аспектілер қатынастарын реттейді. 7 әмірліктің ішіндегі 4 әмірліктің өз қылмыстық кодексі бар: Дубай, Абу-Даби, Рас-эль-Хайма және Шардж. Сонымен бірге Федералды Қылмыстық кодексі шариғатты тікелей қолданады. Айыпты жасаған қылмыс жағдайына байланысты шариғат нормаларымен немесе федералды ҚК баптарымен, болмаса әмірлік заңнамасымен жергілікті сот алдында жауапкершілікке тартылады. Статуттық және мұсылмандық құқық арасындағы таңдауда әмірлік билеушілеріне де белгілі бір рөл тиесілі. Жазалау түрлерінің қатарында - «дийялар» төлемдері, дене жарақаттарын салу арқылы жазалау (қамшымен ұру), өмір бойы немесе мерзімдік тұтқындау, өлім жазасы бар.
Өлім жазасы берілетін қылмыстар арасында – кісі өлтіру, ерлі-зайыптылардың бір-біріне қиянат жасауы, зорлау, қарулы тонау, мемлекеттік және жеке меншікке қарсы қылмыс, опасыздық, дінсіздік және есірткімен байланысты қылмыстар. Өлім жазасы ату, тас лақтыру немесе басын шабу арқылы орындалады. БАӘ-нің қылмыстық құқығында сондай-ақ, шариғатта қарастырылған дене мүшесін зақымдау жазалары да сақталған (мәселен, ұрлық үшін қолын шабу бар).