Атырау, 20 қазан 15:29
 дождьВ Атырау +22
$ 452.59
€ 507.67
₽ 5.48

Ресейлік рэпер Наваи Қазақстаннан босап шықты: концерттер мен жоспарлар

58 рет қаралды

Ресейлік рэпер Наваи Бакиров (Navai лақап атымен өнер көрсетеді) Тараздағы уақытша ұстау изоляторынан босатылды. Бұл туралы Mash Telegram-арнасы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, әртіс бір күн бұрын аудандық уақытша ұстау изоляторына жеткізілген. Алайда біраз уақыттан кейін босатылған. Жақын арада музыканттың Ресейге ұшып кететіні күтілуде.

Бұған дейін орындаушының Қазақстан шекарасында ұсталғаны хабарланған болатын. Оның жанынан өсімдік тектес есірткі заттары табылғаны айтылып, кейін Тараз қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалған. Музыкантқа тыйым салынған заттардың контрабандасына қатысты бап бойынша айып тағылғаны хабарланды.

Осы оқиғаға байланысты орындаушының алдағы уақытта жоспарланған концерттері тоқтатылды.

Бүгін, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.