Атырау, 6 қазан 12:44
 дождьВ Атырау +13.8
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Сумғайыт–Ақтау ВОЛС: Каспий кабелі қашан іске қосылады

68 рет қаралды

Каспий теңізінің түбімен Қазақстан мен Әзербайжанды тікелей байланыстыратын талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) тарту жұмыстары аяқталды. Нысанды пайдалануға беру мерзімі туралы Үкімет отырысында вице-премьер – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді.

Ұзындығы 390 шақырым болатын ауқымды инфрақұрылымдық кабель Әзербайжанның Сумғайыт қаласынан Ақтау жағалауына дейін теңіз түбімен тартылды.

Цифрлық даму ведомствосының басшысы атап өткендей, транзиттік байланыс желісінің ресми іске қосылуы 2026 жылдың қазан айына жоспарланған.

Транскаспийлік ТОБЖ жобасы Еуропа мен Азия арасындағы цифрлық телекоммуникациялық дәлізді құрудағы негізгі буынға айналады. Бұл бағыт Қазақстанға қолданыстағы магистральдық арналарға тәуелділікті азайтып, ұлттық интернеттің сенімділігін арттыруға, сондай-ақ деректерді беру саласындағы елдің транзиттік әлеуетін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгін, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.