Атырау, 19 желтоқсан 03:00
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Челябинск метеоритінен қандай қорытынды шықты?». «Шетелден оқу іздегендер неге опық жейді?». «Хан үйіндегі қырқыс». «Бұдан кейін Назарбаев сияқты шексіз билігі бар президент болмайды». «Үкімет – ”кәкәй”, бірақ президент – “әйәй”!». «Саясатқа көзқарас».

1 798 просмотра

AZATTYQ.ORG  «Челябинск метеоритінен қандай қорытынды шықты?» - Ғалымдар былтыр Ресейдің Челябинск қаласының үстінде жарылған метеоритті зерттеп жатыр. Ғасырдан астам уақыт ондай ірі метеорит Жерге құламаған. Зерттеушілер мұндай оқиғаның жиілейтінін де айтады.

«”Таптырмас у” – полоний» - 2004 жылы қайтыс болған Палестина басшысы Ясир Арафатты «улап өлтірген» деген ақпарат тарады. Арафаттың жесірі «швейцариялық сот сараптамасы Палестина көсемінің удан өлгенін көрсетті» деп мәлімдеді.

«Футболдағы нәсілшілдікпен күрестің ағылшындық үлгісі» - Ресейде футбол фанаттарының бұзақылығы мен нәсілшілдікке қарсы күрес әзірге нәтиже бермей отыр. Бұл істе Мәскеу кезінде спорттағы басбұзарлықты ауыздықтаған Англияның үлгісін пайдаланып көрмек.

SERKE.ORG.  «Әбілязовтың күзетшісін Қазақстанға әкеледі» - Испанияның ұлттық соты БТА банктің бұрынғы төрағасы  Мұхтар Әбілязовтың күзет бастығы  Александр Павловты Қазақстанға экстрадициялау туралы бұрынғы шешімін тағы да қуаттады.

«Мұхтар Әуезовтың бұрын жарияланбаған хаттары мен сөйлеген сөздері жарыққа шықты» - Жарық көріп отырған мұрағат мағлұматтары қалың оқырман қауымына қызықты болады, себебі олар бұрын баспа бетін көрмеген.

ULT.KZ. «Хұй- айт- хұй-айтпа!» - Ұлтты ұлтқа, дінді дінге, руды руға қарсы қойып олардың қоразша қырылысқанына қарап мәз болып жүрміз, ал соның есебі кімге? Ойланып көрдік пе?!

ALASHAINASY.KZ. «Мигранттарды түсінген министр оралмандарды неге ойламайды?» - Соңғы кезде қоғамның қытығына тиіп жүрген заң жобасының бірі еңбек көші-қоны мәселелерін реттеуге бағытталған құжат болатын.

NAMYS.KZ. «Қазақ тілінде тарайтын жарнамалық-ақпараттық басылымды білесіз бе?» - Онда ауызекі тілімізде орыстың «ойып тұрып» орын алған сөздерінің көп кездесетіндігі, соның ішінде жарнама жағында жамырап жатқаны айтылыпты.

AIKYN.KZ  «Шетелден оқу іздегендер неге опық жейді?» - Әлемнің әр жерінен іздегені – ілім, көздегені – білім болған қазақ жастарын қазір кездестіру қиын емес.

NUR.KZ. «Банкир ипотеканы "өте сенімсіз, қатерлі өнім" деп атады» - Ипотека 20-25 жылға берілетін ұзақ мерзімді несие түрі болып табылады.

MAIDAN.KZ.  «Хан үйіндегі қырқыс» - Ислам Каримов қызымен неге жауласты? Өзбекстандық саясаткер Усман Хакназаров Өзбекстан оппозициялық халықтық қозғалысының сайтында Гүлнара Каримованы әкесі не үшін кінәлағаны жайлы толық ақпарат беріп, өз ойын келтірген.

«Бұдан кейін Назарбаев сияқты шексіз билігі бар президент болмайды» - Әдетте күз – жиын-теріннің ғана маусымы емес, сонымен бірге саяси науқандар жанданатын мезет.

«Үкімет – ”кәкәй”, бірақ президент – “әйәй”!» - Күні кешеге дейін мемлекеттік БАҚ-тан тек бір сарынды жаңалық естіп келген жұртшылықтың құлағы оcы апта туа сала тосыннан тосаңси бастады. Қызық болғанда, үкімет жұмысын... үкіметтік БАҚ сынауға көшті! Бұл не? Тоңның жібуі ме? Сеңнің бұзылуы ма? Елбасы өзгере бастаған ба?..

«Саясатқа көзқарас» - Біздің еліміздегі саяси сахнада «Алдар көсе» рөлін сомдап жүрген сақалды сайтандармен сақалсыз сайтандарымыз жетерлік.

JASQAZAQ.KZ  «”Террор” әйел» - Бұдан кейін қанша жерден «ахи-бауырымыз» десе де, қадамымды мың ойланып барып басуды шештім.

 

11 қараша 2013, 08:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.