5 қарашада «Жайық-Ақпарат» баспасөз клубындағы брифингте Исатай ауданының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ (суретте) сөз алды.
Аудан мал шаруашылығымен айналысады. Қазіргі уақытта ол жерде 12,5 мың сиыр, 35,8 мың қой мен ешкі, 9,2 мың жылқы, 6,7 мың түйе бар. Қылмыс өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артқан (негізінен бұл мал ұрлау), ал қылмысты ашу жағынан облыс бойынша ең төменгілер қатарында – 19 пайыз.
Мұнай өндіру 2013 жылдан бастап 907 мың тонна құраған (салытыру үшін: Теңізде 2012 жылы 24,2 млн тонна мұнай өндірілген). Газ өндіру көлемі – 18,2 млн текше метр. Аудан мұнайшылары есепті кезеңде ауаға ілеспе мұнай газының көп мөлшерін астыртын жіберіп бүлдіргендігімен көзге түсті («Газ, көзбояу және бейнежазба» қараңыз)
Журналистер Жанбай селосының маңындағы №7 мұнай ұңғымасының орнында түзілген сасық иісті, бүлкілдеп жатқан көлшіктің қашан жойылатындығын сұрады. Ожаев қолмен жасалған «гейзерді» жою жөніндегі сметалардың аяқталғанын, мұнайшылардың енді іске кіріскенін айтты.
Шопан қыстақтары, ауылдар жалпы ұзындығы аудан шеңберінде 297 километрді құрайтын Нарын, Баксай, Сборный, Кобяково және Забурын каналдарының бойында орналасқан. Биылғы жылы облыстық бюджеттен осы каналдарды жөндеуге 40,8 млн теңге бөлінді. Осы қаржыларға 3,5 км ұзындықта Нарын каналының арнасы тазартылды. Алайда Бақсай, Кобяково, Забурын каналдарын және Нарын каналының қалған бөлігін тазартуға жарты миллиард теңгедей қаржы керек.
Н. Ожаевтың айтуынша, аудан Жанбай мен Забурын ауылдарында браконьерлікпен күресіп, ерлер қауымын артельдерге заңды түрде балық аулауға тартып жатыр екен. Осы күндері, Каспий теңізінде «Ракуша» мен «Жамбыл» кооперативтері сазан аулауды жалғастыруда, жергілікті 150 тұрғын осы жерден жұмыс тапқан.
Сонымен қатар, журналистер Исатай селосы (2009 жылдың санағы бойынша бұл жерде 1501 адам тұрған) Нарын сахарасы құмының астында қалмауы үшін биліктің қандай шара алып жатқанын сұрады. Әкім өткен жылы село көшелерінен 3,8 мың тонна құмның тасып шығарылғанын айтты. Бірақ бұл тығырықтан шығар жол емес. Қазір құм көшкінін сексеуіл отырғызу арқылы тоқтатуға шешім қабылданған. Ұзын тамырлы бұл бұтаны 3 гектар жерге отырғызу ұйғарылыпты. Облыстық табиғи ресурстар басқармасы осы жобаның сметасын есептеуде.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген автор