
Шетелдік блогер әйел арандатушылық сипаттағы стримдері үшін айыппұлмен жазаланып, бес жылға дейін Қазақстанға кіре алмайтын болды.
Жанжалды трансляцияларды елордалық полицейлер әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында анықтады. Өз тікелей эфирлерінде шетел мемлекетінің азаматы орынсыз әрі арандатушылық пікірлерге жол берген.
Іс сотқа дейін жетті: блогер әйел жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл салынды және ел аумағынан шығарып жіберу туралы шешім қабылданды.
«Қазақстан шетелдік азаматтар мен ел қонақтары үшін ашық. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының аумағында болу заңнаманы бұлжытпай сақтауды, сондай-ақ елге, оның азаматтарына және жалпыға бірдей қабылданған мінез-құлық нормаларына құрметпен қарауды көздейді», — деп еске салды Астана қалалық полиция департаментінде.
Енді тәртіп бұзған азаматша Қазақстанға алдағы бес жыл кіре алмайды.
В Атырау +21.2