Атырау, 22 шілде 11:54
 дождьВ Атырау +31
$ 469.59
€ 536.22
₽ 5.96

​Сарсемалиев неге басқа сотталғандардан оқшауланды

58 рет қаралды

Жангелдин ауылындағы бүтін бір отбасы мүшелерін өлтіру ісі бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемалиев Атырау тергеу изоляторының жалпы камерасынан бір кісілік камерасына ауыстырылды, деп хабарлайды «Ақ Жайық» дереккөздері.

Бұл туралы редакцияға жағдаймен таныс бір-бірінен тәуелсіз бірнеше дереккөз хабарлады. Материал жарияланған сәтте бұл ақпаратқа ресми растау алу мүмкін болмады.

Редакция дереккөздерінің айтуынша, бұл шешім қауіпсіздік шараларымен байланысты болуы мүмкін. Дереккөздер мекеме әкімшілігі сотталған азаматтың жағдайына байланысты қауіптеніп, оған деген бақылауды күшейтуді жөн көрді деп отыр. Алайда бұл мәліметті де ресми түрде растау немесе теріске шығару әлі мүмкін болмай тұр.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жекелеген жағдайларда қамауда отырғандарды немесе сотталғандарды күшейтілген бақылау үшін бөлек орналастыруы мүмкін. Бұл шара олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған және өздігінен қосымша жаза болып табылмайды.

Еске сала кетейік, Сұлтан Сәрсемалиев Жангелдин ауылындағы бүтін бір отбасы мүшелерін өлімге қиғаны үшін кінәлі деп танылды. Сот оны өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім етті. Бұл қылмыстық іс Атырау облысында және одан тыс жерлерде үлкен қоғамдық резонанс тудырды.

Редакция Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне Сәрсемалиевтің бір кісілік камераға ауыстырылуы туралы ақпаратты растау немесе теріске шығару, сондай-ақ мұндай шешімнің себептерін түсіндіруді сұрап сауал жолдады. Материал жарияланған сәтте редакцияға жауап түскен жоқ. Ресми ақпарат келген бойда оны толық көлемде жариялауға дайынбыз.

Айгүл МАНСҰРОВА

Бүгін, 10:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.