Атырау, 12 мамыр 11:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 461.26
€ 542.58
₽ 6.18

​Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттары отын өндірісін арттырды

64 рет қаралды
Атырау мұнай өңдеу зауыты. Сурет: зауыттың баспасөз қызметі
Атырау мұнай өңдеу зауыты. Сурет: зауыттың баспасөз қызметі

Қазақстанда 2025 жылдың қорытындысы бойынша елдегі үш мұнай өңдеу зауытында мұнай өңдеудің орташа тереңдігі 87,4%-дан 90%-ға дейін артты. 

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі хабарлады. 

Ведомствоның мәліметі бойынша, елдегі үш мұнай өңдеу зауытында өсім тіркелген. 

Атап айтқанда:
• Атырау МӨЗ – 85%-дан 88%-ға дейін;
• Шымкент МӨЗ – 86%-дан 88%-ға дейін;
• Павлодар мұнай-химия зауыты – 91%-дан 94%-ға дейін.

Министрлікте атап өткендей, көрсеткіштердің өсуі ашық мұнай өнімдерінің үлесін 70–79%-дан 75–81%-ға дейін ұлғайту есебінен, сондай-ақ Павлодар МХЗ-де битум өндірісін 366 мың тоннадан 426 мың тоннаға дейін арттыру арқылы қамтамасыз етілді.

2025 жылы 2024 жылмен салыстырғанда негізгі мұнай өнімдері өндірісінің өсімі тіркелді. Автобензин өнімі – 5,7 млн тоннаны (107%), ал дизель отыны – 6,1 млн тоннаны (116%) құрады. 

Алдағы уақытта мұнай өңдеу тереңдігін 94%-ға дейін одан әрі арттыру мұнай өңдеу зауыттарын жаңғырту және олардың қуаттарын кеңейту есебінен жоспарланып отыр.


Бүгін, 10:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.