
Арнайы прокурорлар қызметінің бұрынғы басшысы Олеся Кексель ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Бұл туралы Бас прокуратура centralmedia24.kz сайтының ресми сауалына берген жауабында жазылған.
Қадағалау органы қазіргі уақытта қосымша дәлелдемелерді жинауға және бекітуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын хабарлады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес қылмыстық іс жүргізу шеңберіндегі өзге мәліметтер ашық жария етілмейді.
Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың 4 шілдесінде Кексель азаптау әдістерін қолданды деген күдікпен ұсталған болатын. Осылайша, тергеу жеті айдан астам уақытқа созылды.
Бұған дейін ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының тергеу департаменті басшысының орынбасары (2017–2018 жылдары) қызметін атқарды, ал 2018 жылдың қаңтарынан 2019 жылдың мамырына дейін арнайы прокурорлар қызметін басқарды.
Бас прокуратура тергеудің аяқталу мерзімі туралы хабарлаған жоқ.
В Атырау -10