Атырау, 22 ақпан 18:18
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 494.66
€ 581.87
₽ 6.43

​Оралдық зейнеткер өлі табылды

Толықтырылды
450 рет қаралды
Туыстары жолдаған сурет
Туыстары жолдаған сурет

70 жастағы Капиталина Симанькованың денесі Доссор ауылындағы сарайдан табылған.

Бұл туралы «АЖ» тілшісіне жиені Елена Рафикова хабарлады.

Елена көз жасын тыя алмай: 

- Қанша уақыт жатқанын білмеймін… әрі қарай полицейлер анықтайды, — деді.

Еске сала кетейік, Капиталина 13 қаңтардан бері байланысқа шықпаған. Ол азаматтық күйеуі Владимир Маловпен бірге Доссорда тұрған.

Бұл туралы толық осы жерден оқуға болады.

Полиция хабарлауынша, 19 ақпанда Мақат ауданы аумағында 73 жастағы әйелдің хабар-ошарсыз кеткені туралы полицияға ақпарат түсті.

Хабарламаны тексеру мақсатында полиция қызметкерлері дереу зейнеткердің тұрғылықты мекенжайына барып, үйі мен оған іргелес аумақты қарап шықты. Тексеру барысында тұрғын үйдің гаражынан әйел адамның мәйіті табылды.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде қылмыс жасады деген күдікпен әйелдің азаматтық некедегі жұбайы ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Күдіктінің айтуынша, дене жарақаттары тұрмыстық жанжал кезінде салынған.

Қазіргі уақытта марқұмның туыстары анықталды. Олардың мәліметінше, зейнеткер бір айдан астам уақыт бойы байланысқа шықпаған.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Айнур САПАРОВА

19 ақпан, 18:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.