
Атырауда «ҚазМұнайГаз» ҰК" АҚ-ның компаниялар тобы арасында жұмысшы мамандықтар бойынша дәстүрлі «KMG Skills» кәсіби шеберлік чемпионаты басталды. Байқау «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ұйымдастырылып отыр.
Биылғы сайыс 18–21 қараша аралығында өтеді. Чемпионатқа ҚМГ-ның 19 еншілес және тәуелді ұйымдарынан 100-ге жуық маман қатысуда.
Қатысушылар 12 түрлі жұмысшы мамандығы бойынша сынға түседі. Олардың ішінде:
-
мұнай және газ өндіру операторы
-
ұңғымаларды зерттеу операторы
-
мұнайды дайындау жөніндегі оператор
-
слесарь-механик
-
токарь
-
электр-газбен дәнекерлеуші
-
электр-монтер
-
бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика жөніндегі слесарь
-
компрессорлық және технологиялық қондырғылар машинистері
-
химиялық талдау зертханашылары және басқалар бар.
Бірінші кезеңде қатысушылар өз мамандығына сай практикалық тапсырмаларды орындайды. Ал келесі кезеңдерде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуды анықтау және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша білімдері сыналады.
Байқау «Ембімұнайгаз» АҚ-ның оқу-жаттығу полигонында, Атырау мұнай өңдеу зауытының өндірістік алаңында және APEC Training Center оқу орталығында өтуде.
ҚазМұнайГаз соңғы жылдары жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға айрықша назар аударып келеді. «KMG Skills» чемпионаты мамандардың кәсіби деңгейін көтеріп қана қоймай, жас кадрларды ынталандыруға және өндірістегі еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналған.
В Атырау -1