Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырау облысында 15 медициналық нысан ауыл тұрғындарының игілігіне берілді

295 рет қаралды

Атырау облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жоспарланған 18 медициналық нысанның 15-і толық аяқталып, пайдалануға берілді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жобаның шеңберінде өңірде 6 фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП), 1 дәрігерлік амбулатория және 11 медициналық пункт салу көзделген. 2023 жылы алғашқы екі медициналық пункт пен бір ФАП іске қосылды. Ал 2024 жылдың соңында Индер ауданының Есбол ауылында амбулатория, Исатай ауданы Жасқайрат ауылында және Құрманғазы ауданындағы Азғыр, Жасталап, Батырбек, Қоңыртерек, Афанасьева ауылдарында медициналық пункттер, сондай-ақ Кудряшов пен Арна ауылдарында ФАП-тар пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда Құрманғазы ауданының Жалғызапан, Жамбыл және Әліпова ауылдарындағы нысандарды теңгерімге беру жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Нұрберген Құсайновтың айтуынша, қалған үш нысанда құрылыс жалғасуда. Құрманғазы ауданының Көптоғай ауылындағы ФАП 85%-ға дайын, ал Қызылқоға ауданындағы Жамансор мен Жантерек ауылдарындағы медициналық пункттердің құрылысы 50%-ға орындалған.

Ұлттық жоба ауыл тұрғындарына медициналық қызметтің қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Жаңа нысандар шалғай елді мекендерде алғашқы медициналық көмекті сапалы түрде көрсетуге мүмкіндік береді.


18 қараша, 13:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.