Атырау, 6 ақпан 23:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 495.10
€ 583.72
₽ 6.46

​Атырауда мал ұрлығына қарсы шара басталды: базар тексеріліп жатыр

Бейнежазба
497 рет қаралды
Сурет: polisia.kz
Сурет: polisia.kz

Атырауда полицейлер заң бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мал базарларында ауқымды тексеріс жүргізуді бастады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Рейд барысында жануарларға арналған құжаттардың болуы, санитарлық нормалардың сақталуы, сауда ережелері мен малды ұстау шарттары бақылануда. Басты мақсаты — мал ұрлығының алдын алу, тұтынушылар құқығын қорғау және ауыл шаруашылығы өнімдерінің заңсыз айналымына тосқауыл қою.

Жыл басынан бері полицейлер мал мен ет өнімдерін тасымалдау және өткізу қағидаларын бұзған 150-ден астам тұлғаны жауапқа тартқан. Ал мал жаю қағидаларын бұзғаны үшін 411 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Айта кетейік, республика көлемінде 17-19 қараша аралығында мал ұрлығының жолын кесу, қылмысқа қатысы бар тұлғаларды анықтап, ұстау және жауапкершілікке тарту бағытындағы "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

18 қараша 2025, 10:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.