Атырау, 19 желтоқсан 22:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Атырауда «жалған стоматологиялар» ісі бойынша ұсталғандардың туыстары әділдік талап етуде

346 рет қаралды

Бүгін Атырау қаласының прокуратурасы алдында «жалған стоматологиялар» ісі бойынша ұсталғандардың туыстары жиналып, наразылық акциясын өткізді. Бұл туралы Orda.kz хабарлайды.

Тергеу нұсқасы бойынша, осы клиникалар арқылы БЖЗҚ қаражаты заңсыз шығарылған. 

Туыстарының айтуынша, күдіктілер екі айдан аса уақыт СИЗО-да негізсіз қамауда отыр. 30-дан астам адам ұсталған, тағы бір бөлігі үйқамақта немесе қолхатпен босатылған. Қамауға алынғандардың арасында ер адамдар да, әйелдер де бар.

Бір азаматша ұлын демалыста жүрген кезде іздеуге жариялап, кейін өз еркімен Қаржы мониторингі агенттігіне барғаннан соң бірден қамауға алғанын айтты.

«Неге? Ешқандай шығын жоқ, жәбірленуші жоқ. Жәбірленуші — БЖЗҚ дейді. Бірақ ол жеке компания емес, халықтың ақшасы ғой!» — деп наразы ол.

Тағы бір әйел тергеушілер үйінде тінту жүргізіп, мүліктерін алып кеткенін, ал күйеуінің суық камерада отырғанын жеткізді.

«Біз бұл елде қандай заңмен өмір сүріп жатырмыз? Прокуратураға келдік — ешкім жауап бермейді. Осыған кім нүкте қояды? Кім қорғайды бізді?» — дейді ол.

Агенттік бұған дейін іс бойынша сараптама жүріп жатқанын хабарлаған. Тергеуде 70-тен астам адам — клиника басшылары, бухгалтерлер, делдалдар мен кеңсе қызметкерлері бар.

Жағдайға алаңдаған тұрғындар мен туыстары тергеудің ашық жүргізілуін және күдіктілердің құқықтарының сақталуын талап етеді.

17 қараша, 17:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.