Атырау, 19 желтоқсан 22:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Доссорда жанармай құю стансасы аумағында автобус өртенді

309 рет қаралды

16 қараша күні Мақат ауданы Доссор кентіндегі жанармай құю стансасы аумағында автобус өртеніп кетті. 

Өрт сөндірушілер оқиға орнына дер кезінде жетіп іске кіріскенін ТЖМ баспасөз қызметі мәлімдеп отыр. Жедел қимылдың арқасында өрттің жанармай құю стансасында таралуына жол берілмей, апаттың алдын алған. 

Құтқарушылардың үйлесімді қызметінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілген, зардап шеккендер жоқ. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

17 қараша, 15:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.