
17–19 қараша аралығында еліміз бойынша «Мал ұрысы» атты жедел-профилактикалық іс-шара өтуде.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Шараның негізгі мақсаты — мал ұрлығына жол бермеу, қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтап, ұстау және оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту.
Іс-шара аясында тәртіп сақшылары ауыл тұрғындарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мал ұрлығының алдын алу жолдарын талқылауда. Сонымен қатар, мал ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінген адамдар мен қылмыстық топтар туралы ақпарат жинау, мал сою орындары мен ет өнімдерін сататын нысандарды тексеру жұмыстары қолға алынған.
Полиция өкілдері тұрғындарды сақтық шараларын күшейтіп, малды қараусыз қалдырмауға және күмәнді жағдайлар туралы дереу құқық қорғау органдарына хабарлауға шақырады.
В Атырау -2