Атырау, 5 желтоқсан 08:27
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырауда қаржыгерлер марапатталды

Сурет
428 рет қаралды
15 қараша — Ұлттық валюта күні және қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Атырауда салтанатты жиын өтті. 

Шараға облыс әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қатысып, сала ардагерлері мен қызметкерлерін құттықтап, марапаттар табыстады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

— Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Қаржы саласының мамандары — өз ісіне адал, жауапкершілігі жоғары, ұқыпты жандар. Сіздерге табыс, тұрақты бюджет пен мінсіз қызмет тілеймін, — деді Жасұлан Бисембиев.

Іс-шара барысында бірқатар қызметкерге ҚР Қаржы министрінің төсбелгісі, «Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалі, министрліктің алғыс хаты, сондай-ақ облыс әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хаты табысталды.

Сала ардагерлері «Атырау облысы алдындағы еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталса, бір топ қаржыгерге «Атырау облысы мәслихатына — 30 жыл» мерекелік медалі берілді.

14 қараша, 20:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.