Атырау, 5 желтоқсан 08:28
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

ҚазМұнайГаз "Лукойлдың" Қазақстандағы ​активтерін сатып алуы мүмкін

290 рет қаралды
Сурет: ҚМГ баспасөз қызметі
Сурет: ҚМГ баспасөз қызметі

Ресейлік "Лукойл" мұнай компаниясының шетелдік активтері ықтимал сатып алушылар арасында қызығушылық тудыруда - Мысырдан Қазақстанға дейін.

Reuters хабарлауынша, мемлекеттер мен ірі корпорациялар АҚШ компанияға қарсы санкцияларды қатаң қолдана бастағанға дейін мәмілелерді жасауға тырысуда.

АҚШ "Лукойлдың" шетелдік активтерінің бір бөлігін Gunvor трейдеріне сату әрекетін бұғаттады. Санкциялар Ресейге Украина бойынша бейбіт келіссөздерге қатысуға қысым көрсету аясында енгізілген.

Шектеулер "Лукойлдың" Ирактағы, Финляндиядағы және Болгарияның "Бургас" мұнай өңдеу зауытындағы жұмысын бұзды.

Жағдаймен таныс екі дереккөздің мәліметінше, ҚазМұнайГаз "Лукойлдың" Қазақстандағы активтерін сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Компания әлемдегі ең ірі газ конденсатты кен орындарының бірі - Қарашығанақтағы үлесіне ие, онда Eni, Shell, Chevron және ҚМГ де жұмыс істейді.

ҚР Энергетика министрлігінің мәлімдеуінше, серіктестік бойынша кез келген шешім санкциялық тәуекелдерді ескере отырып, жобаға қатысушылармен қабылданады.

"Лукойл" активтеріне басқа үміткерлер:

  • Shell компанияның Гана мен Нигериядағы терең сулы блоктыларына қызығушылық танытуда.
  •  Мысыр "Лукойлдан" үш жергілікті концессияны сату мүмкіндігі туралы сигнал алды.
  •  Молдова Кишинев әуежайында компания инфрақұрылымын ұлттандыру туралы келіссөздерді бастады. 
  • Болгария Бургастағы МӨЗ-ді мәжбүрлеп алуға дайындалуда. 
  • SOCAR (Әзербайжан) және Cengiz Holding (Түркия) бұған дейін МӨЗ-ді сатып алуға бірлескен өтінім берген болатын.
13 қараша, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.