Атырау, 5 желтоқсан 08:49
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қытай мердігерлері ҚМГ жобалары үшін магистральдық құбырлар салуға тендер ұтып алды

289 рет қаралды
Сурет: «KMG PetroChem» ЖШС
Сурет: «KMG PetroChem» ЖШС

Атырау облысында этан мен пропанды тасымалдауға арналған магистральдық құбырларды салу бойынша тендерде Қытай мердігерлері жеңімпаз болды. Бұл құбырлар Теңіз кен орнынан болашақ полиэтилен зауыты мен қазіргі жұмыс істеп тұрған полипропилен зауытына шикізат жеткізуге арналған, деп хабарлайды «Нефть и газ Казахстана» арнасы.

EPC+F (жобалау, сатып алу, құрылыс және қаржыландыру) шарты бойынша өткен тендердің қорытындысында ең тиімді баға мен мерзім ұсынған консорциум жеңімпаз болып анықталды. Оған China Petroleum Pipeline Engineering Co., Ltd., CITIC Construction Co., Ltd. және «ЧППИ Қазақстан» ЖШС кіреді. Бұл туралы жобаның операторы – «KMG PetroChem» ЖШС (толығымен «ҚазМұнайГаз» компаниясына тиесілі еншілес ұйым) хабарлады.

Компанияның мәліметінше, жоба бойынша Қытайдың Даму банкімен қаржыландыру мәселесі келісілген және жақын уақытта тиісті заңды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Жоба аясында бір дәлізде:

  • ұзындығы 212 км, жылына 1,6 млн тонна сұйытылған этан тасымалдауға арналған;

  • ұзындығы 219 км, жылына 1 млн тонна сұйытылған пропан өткізуге арналған екі магистральдық құбыр салынады.

Құбырларды 2028 жылы пайдалануға беру жоспарлануда.

13 қараша, 13:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.