Атырау, 5 желтоқсан 08:48
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда жастарды қолдау бойынша 170-тен астам іс-шара өткізілді

340 рет қаралды

Биыл Атырау облысында 25 мыңнан астам жасты қамтыған 174 іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жастар ресурстық орталығының басшысы Мансия Сағидоллаева хабарлады.

Іс-шаралар жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, кәсіби дамуы мен әлеуметтік бейімделуіне бағытталған. Орталық базасында 5 мыңнан астам жасқа жеке кеңес беріліп, олардың басым бөлігі жұмыс, білім, тұрғын үй және гранттық жобалар бойынша сұрақтар қойған.

Жастар арасында «Ораторлық өнер», «Жасанды интеллект және IT», «Көшбасшылық» бағыттарында тегін курстар өткізілді. Сондай-ақ, «Isker Talks» жобасы аясында оқушыларға мамандық таңдауға көмек көрсетілді.

«NextGen Leaders» жобасына 70 қыз қатысып, олардың бірқатары аймақтық және республикалық бастамаларға тартылды. «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бойынша 18 жас жеңімпаз атанса, «Сенің бастамаң» жобасы аясында 10 жас 500 мың теңгеден грантқа ие болды.

Сонымен қатар, экологиялық және әлеуметтік бағыттағы бастамалар жүзеге асырылды: «Бұл — менің ағашым» акциясы аясында 200-ге жуық ағаш отырғызылды, ал NEET санатындағы 115 жас жұмыспен қамтылды.

12 қараша, 18:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.