Атырау, 5 желтоқсан 08:47
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Атырау облысы Перинаталдық орталығының жаңа басшысы тағайындалды

370 рет қаралды
Сурет: Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы
Сурет: Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы

Атырау облыстық перинаталдық орталығын басқаруға көп жылдық тәжірибесімен, өз ісіне адалдығымен танылған білікті маман – Айдарханова Меруерт Сапарғалиевна тағайындалды.

Меруерт Айдарханова – өңірдің ана мен бала денсаулығын қорғау ісінде үлкен еңбегімен, жоғары кәсібилігімен ерекшеленетін медициналық қауымдастықтағы абыройлы тұлғалардың бірі.

Білімі мен кәсіби дамуы:

  • • 2009 жылы Алматы қаласындағы С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін «Жалпы медицина» мамандығы бойынша үздік тәмамдады.
  • • 2023 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Деловое администрирование в здравоохранении (ЕМВА)» бағдарламасы бойынша магистратураны аяқтап, басқару саласында да жоғары біліктілікке ие болды.

Еңбек жолы:

  • Кәсіби қызметін 2010 жылы Ақтау қалалық перзентханасында акушер-гинеколог дәрігер ретінде бастады.
  • 2011–2019 жылдары Атырау облыстық перинаталдық орталығында акушер-гинеколог, кейін Жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
  • 2019–2022 жылдары Атырау қалалық перзентханасының (АГРД) босану бөлімін басқарды.
  • 2022–2025 жылдары Атырау облыстық перинаталдық орталығында медициналық қызмет жөніндегі директордың орынбасары қызметін атқарып, орталықтың дамуына, жаңа тәсілдер енгізуге және сапалы медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға айрықша үлес қосты.

Марапаттары:

  • ҚР Денсаулық сақтау министрінің «Құрмет грамотасы»
  • «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі
  • Мемлекеттік марапат — «Ерен еңбегі үшін» медалі

Бүгінде 15 жылдық кәсіби тәжірибесі бар Меруерт Сапарғалиевна – өңірлік перинаталдық қызметтің сапасын арттыруға, ана мен бала денсаулығын қорғауға бағытталған стратегиялық бастамалардың жетекшісі болуға дайын, басқарушылық қабілеті қалыптасқан, заманауи көзқарастағы басшы.

12 қараша, 16:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.