Атырау, 26 қараша 06:41
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мұнай құрлыққа жетті

2 846 просмотра

18 қыркүйекте Солтүстік-Каспий жобасының операторы NCOC консорциумы 2014 жылға табиғат қорғау шараларының жоспары жөніндегі жұртшылық тыңдауын өткізді.

ТЕҢІЗДІ «ТЫҢДАЙТЫН» БОЛАДЫ

Бұл жолы тек компанияның қазақстандық менеджерлері ғана сөз алып, сұрақтарға жауап берді. Ал шетелдік компаниялар артқы қатарларда тысқары қалды. Айта кету керек, бұл аудиториямен байланысу деңгейін арттырды. Өйткені бұрынғы тыңдауларда «аударма қиындығы» көбінесе шетелдіктердің мәністі жауаптардан жалтаруына мүмкіндік беретін. «Аджип ҚКО» компаниясының экологиялық тұрақтылықты дамыту жөніндегі менеджері және Денсаулық, Еңбек және Қоршаған ортаны қорғау (ДЕҚОҚ) жөніндегі директорының орынбасары Игорь ЛУКАШОВТЫҢ баяндамасында, атап айтқанда, «Болашақ» зауытынан өнеркәсіптік ағын суларды тазарту зауытын салу туралы айтылды «Тамұқтан келген улы су», «Туған күніңмен, аса қымбат Қашаған» жарияланымын қараңыз). Естеріңізге салсақ, облыстық экология департаменті қолқалаған бұл нысан консорциумға 65 млн долларға шығады. Зауыт 2015 жылы пайдалануға берілмек.

Игорь ЛукашовИгорь ЛукашовБүгінгі күні, Лукашовтың айтуынша, қолданыстағы өнеркәсіптік ағын суларды тазарту және қазандық-бойлерлерді үрлеп қосымша су тазарту есебінен Астрахан-Маңғышлақ су құбырынан алынатын суды 30 пайызға дейін (жылына 200 мың текше метр) үнемдеу жоспарланып отыр. Екінші кезеңде, 2013-2015 жылдары жаңа зауытты іске қосу есебінен айналымдық су пайдалануды 70 пайызға дейін жеткізу жобаланған. Табиғат қорғау шарасына өндірістік мақсаттарды шешу мәселесін енгізетін көптеген табиғат пайдаланушыларға ұнамды дәстүр бойынша консорциум бұл құжатқа күкіртті еріту әдісімен түйіршіктеу қондырғысын салуды енгізген (сөз арасында күкірттің сұранысқа ие коммерциялық өнім екенін еске сала кеткен). Күкіртті бұрынғыша «Болашақ» аумағында жабық блоктарда сақтау ұйғарылған. Кенішті тәжірибелік-өнеркәсіптік игеру кезеңінде тәулігіне 370 мың баррель мұнай өндіру жоспарымен өндірістік күкірт көлемі жылына миллион тоннаны құрайды. «Болашақтағы» бүкіл күкірт картасы 4 миллион тоннаға дейін күкірт сақтауға арналған.

Тестілеу барысында жабдықтардан анықталған ақаулар бар болғандықтан NCPOC компаниясының Денсаулық, Еңбек және Қоршаған ортаны қорғау (ДЕҚОҚ) директораты директорының орынбасары Гүлсім МҰТЫШЕВАНЫҢ баяндамасы анағұрлым ақпаратты тұрғыда болды. Оның айтуынша, теңіздегі және құрлықтағы кешендердегі (әрқайсысында 2 технологиялық желіден) қолданыстағы конфигурация апат болған жағдайда оларды бір-бірден ажыратуға мүмкіндік бермейді. Олардың бәрін ажыратып тастауға тура келеді. Басқа желілерді мақсатсыз тоқтатуды қос тиекті-қайырмалы арматураны және айналма бұқтырмаларды орнатуды қарастыратын жобаны жүзеге асыру есебінен болдырмауға болады. Теңіз бен құрлықтағы кешендерде 2 жылда бір рет толықтай тоқтату жоспарланған.

База туралы атышулы мәлімдемеден кейін База ҚМГ еншілесінің меншігіне өтті» жарияланымын қараңыз) Мұтышева жоспарда суға аз шөгетін (кейбіркеменің суға батып тұратын жерінің биіктігі бар болғаны 45 см) түрлі типтегі қосымша кемелерді және төгінділерді жоятын, сонымен қатар тайыз сулар үшін жобаланған жабдықтарды: мұнай жинағыштарды, бондарды, генераторларды және т.б. сатып алу қарастырылғанын хабарлады.

Каспийдегі дабыл қағарлық сейсмикалық ахуал тұрғысынан компанияның жер қойнауы мониторингісінің жүйесі туралы өзекті ақпарат айтылды. Оған теңіз деңгейін, нысанның суға бату және отыру биіктігін бақылайтын 5 теңіз және9 құрлық стансалары енген. Үш станса «Болашақта», Баутинода және Атырау қаласында жұмыс жасауда. Мұтышеваның айтуынша, стансаларда Швейцария мен Ұлыбританияда шығарылған жоғары токты сенсорлық жабдықтар орнатылмақ. Деректер NCPOC-тың аналитикалық орталығына берілетін болады. Біздің мемлекеттік органдарға бүгінгі күні осы деректерді жұртшылық үшін ашық және қолжетімді ету қамына кіріскен жөн деп ойлаймын.

Мұнай төгінділерінің жануарлар әлеміне тигізетін әсеріне келер болсақ, компания қазақстандық және бельгиялық ғалымдармен бірігіп зерттеу жүргізуді жоспарлап отыр. 2014 жылы мұнаймен ластанған жануарларды құтқару жоспары жасалып, осы мақсаттар үшін жабдықтар алынды.

ҮЕҰ өкілінің сұрағына жауап бере отырып, Мұтышева 2014 жылдың табиғат қорғау шараларына жұмсалатын консорциум шығындары 9,7 млрд теңге көлемінде жоспарланғанын айтты.

 

ОҚУ-ЖАТТЫҒУ БОЛА МА?

Руслан ӘдиевРуслан Әдиев«Каспий Табиғаты» ҮЕҰ жетекшісі Махамбет ХАКИМОВ тағы да мәселе көтерді: егер мұнай компаниясы ықтимал апаттың жануарлар мен құстарға әсері туралы зерттеуді жоспарласа, Атырау облысының халқына штаттан тыс жағдайда әсер ету туралы осындай зерттемелер, сондай-ақ, осындай жағдай туындай қалғанда тұрғындарға оқулар өткізу қажет. Оның үстіне мұнай өндіру де басталып кетті. Біздің теңіз аралдарындағы дереккөздеріміз хабарлағандай, 18 қыркүйекте кешкісін мұнай құрлыққа жеткен. Бұл таяу күндерде күкіртсутекке қаныққан Қашаған мұнайы Атыраудан 28 шақырым жердегі «Болашақ» зауытына жеткізіледі деген сөз. Дегенмен соңғы айларда зауыттағы технологиялық жабдықтарға тестілік сынақтар «жүргізілгенмен», 26 тамыздағы апатқа қарағанда, ешкім тосын сыйдан сақтандырылмаған.

Қосан ТасқынбаевҚосан ТасқынбаевNCOC экологы Руслан ӘДИЕВ «Болашақ» зауытында штаттан тыс жағдай бола қалғанда әрекет ету жоспары (соның ішінде күкіртсутек шығарындысы бойынша) облыстық ТЖ департаментімен мақұлданғаны туралы формальды жауап берді. Шамасы бұл жоспарда тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру туралы мәселе де бар шығар. Алайда күні бүгінге дейін ешкім бізге бұл мәселе туралы хабардар еткен жоқ. «КазНИГРИ» ЖШС директоры Қосан ТАСҚЫНБАЕВ консорциум таңдап, мемлекеттік орган мақұлдаған юра қабатына бұрғылау шламдарын айдау әдістеріне қатысты сенсациялық мәлімдеме жасады. Тасқынбаевтың айтуынша, 50 жыл бұрын ғалымдар Каспий түбінде азғырлық жарылыстан қалған жарық бар деп жорамалдаған еді. Мұны оның институтының 5 жылдық зерттеу жұмыстары растаған. Жарылған жер Атыраудан оңтүстікке қарай басталып, солтүстік-батысқа қарай созылып, Қашаған мен Прорва кеніштеріне жетеді. Бұған Прорва тұзүсті кенішінде өндірілетін мұнайда күкіртсутектің пайда болуы мен оның жыл сайын көбеюі осыған дәлел болады. Яғни, осы ауданда мұнай «тұзасты кенішінен тұзүсті кенішіне» көшеді.

Тасқынбаевтың пікірінше, бұрғылау шламын айдау жарық маңының жарылуына әкеледі екен, ал бұл теңіз түбінің ластануына әкеп соғады.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

21 қыркүйек 2013, 14:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.