Соңғы аптада қазақстандық ақпараттық агенттіктер Каспий теңізінде болған бірнеше жер сілкіністері туралы хабарлады. Барлық толқулар әзірбайжандық секторда орын алды және жиілігіне көз жүгіртсек, адам қорқытқандай - 7, 9, 13 және 14 қыркүйек күндері. Отандық сейсмологтар бізге қорқатындай еш нәрсе жоқ десе, геологтар, керісінше, дабыл қағып отыр.
ҚР Ұлттық ядролық орталықтың Геофизикалық зерттеулер институты РМК Ұлттық деректер орталығының жедел мәліметтеріне сәйкес, осы жер сілкіністердің алғашқысы 2013 жылы 7 қыркүйекте Астана уақытымен 02 сағат 08 минутта (Гринвич бойынша 06 қыркүйек 20 сағат 08 минут) h=40 км тереңдікте mb=3.4 магнитудада, К=10.6 энергетикалық класс бойынша тіркелген. Екі күн өткеннен кейін тағы да h=40 км тереңдікте mb=3.4 магнитудада, К=10.6 энергетикалық класс толқу болған. Әзірбайжандық БАҚ-тар хабарлағандай, 3-4 балдық жер асты толқулары Апшерон түбегінің жағаға жақын елді мекендерінде білінген. Адам шығыны мен бұзылулар жоқ.
2013 жылғы 13 қыркүйекте mb=3.4 магнитудада жаңа сілкініс болып, 14-нде mb=4.0. күшпен тағы тербелді. Әзірбайжанның Губа қаласында және эпиорталыққа жақын орналасқан елді мекендерде 3 балдық толқу білінді.
Ұлттық деректер орталығының директоры Наталья МИХАЙЛОВА телефон арқылы Түркіменстаннан Әзірбайжанға дейін созылып жатқан тау шатқалында кейбір белсенділіктер тіркелгенін растады:
- Алайда бұл оқиғалар елеусіз, тербелістер әлсіз болды.
Оның пікірінше, жер сілкіністері техногендік факторларға байланысты емес, табиғи сипаттарға ие. Ең бастысы, Каспий теңізінің қазақстандық секторына еш қауіп жоқ.
Дегенмен, әзірбайжандық және армяндық сейсмологтар мен геологтардың айтуынша, сейсмикалық белсенділіктің және онымен байланысты құбылыстардың өсуі (2011 жылы 2010 жылмен салыстырғанда жер сілкіністердің мөлшері 60%-ға өскен) табиғи (Араб платформасының қозғалуы) және техногендік сипаттағы факторларға байланысты. Олар соңғы сипаттарға Әзірбайжандағы бір жарым ғасырлық қарқынды мұнай өндіруді жатқызады, бұл өндіріс тектоникалық жер жарығының пайда болуына әкеп соқтырған. Бұл жарық, сондай-ақ, әзірбайжандық ғалымдар атап өткен сейсмикалық қуат лақтырындыларының өсуінің басты себептерінің бірі. Мамандардың пікірінше, ол тереңдеп, Каспий жағалауы бағыты бойынша кеңейіп, ұзара түспек. Ал бұл, өз кезегінде, бүкіл өңір көлемінде сеймикалық қатерлердің алға қарай өсе түсуінің себебі болмақ.
ҚР Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының деректеріне сәйкес, Атырау облысы аумағы, Каспий теңізі акваторийін қоса алғанда, Рихтер шкаласы бойынша 6-8 балл жиілікте жер сілкінісі білінуі мүмкін жер қыртысы учаскесіне жатқызылған. Ал Теңіз, Корольдік Қашаған, Қайран және Ақтоты мұнай және газ кен орындары ірі резервуарлар болып табылатындықтан, шын мәнінде, 160 шақырымға жуық ұзындықты тектоникалық аймақ іспеттес. Академик Мұфтах ДИАРОВ бірнеше рет ескерткендей, Каспий теңізінде қарқынды мұнай өндіру күшті табиғи және техногендік факторлардың өзара әрекеттесу жағдайында өтетін болады. Естеріңізге салсақ, үстіміздегі жылдың 11 қыркүйегінде Қашаған кен орнынан алғашқы мұнай баррелі өндірілген болатын.
Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА