
Ақтау қаласындағы Теңіз жаяу әскерлері қатарында 20 шақты атыраулық сарбаз Отан алдындағы борышын абыроймен өтеп, туған жерге аман-есен оралды.
Сарбаздарды Атырау темір жол вокзалында туған-туыстары мен жақындары қуанышпен қарсы алды.
Қызылқоға ауданы, Миялы ауылының тумасы Алмас Бақытов Ақтаудағы 25744 әскери бөлімінде қызмет атқарып, елге оралғандардың бірі. Ол әскери өмірдің адамды шыңдайтынын айтып, жастарды Отан алдындағы борышты абыроймен өтеуге шақырды.
- «Әскердегі бір жыл ер жігітті тәрбиелеп, рухани әрі физикалық тұрғыдан шыңдайды. Жастарға осы борышты адал атқаруға кеңес беремін», — деді Алмас Бақытов.
В Атырау +3