Атырау, 5 желтоқсан 13:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Құлсарыда журналист ақша бопсалады деген күдікке ілінді

298 рет қаралды
Chat GPT жасаған сурет

Тергеу ісіне жақын дереккөздердің мәліметінше, әйел адам декреттік демалыста болғанымен, жергілікті БАҚ-тағы әріптестерімен байланысын үзбеген.

Ол бұған дейін аудандық газет пен телеарнада жұмыс істеген.

Тергеу нұсқасына сәйкес, журналист Құлсары маңындағы мұнай қалдықтары туралы бейнежазбаны жариялаймын деп қорқытып, компаниялардың бірінің басшысынан 10 миллион теңге талап еткен. Алайда бұл видео әлеуметтік желілерде бұрыннан таралып жүр.

Ақшаның бір бөлігі — 4 миллион теңге делдал арқылы берілген. Ортадағы адам «Тенгри» қонақүйінде ақша алып жатқан кезде ұсталған. Осыдан кейін құқық қорғаушылар оқиғаның басты күдіктісін де қолға түсірді.

Қазір іс ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлімі 2-тармағы («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен қорқытып алу») бойынша тергеліп жатыр.

Айгүл МАНСУРОВА

13 қазан, 12:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.