Атырау, 5 желтоқсан 13:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Каспийден көтерілген ақ шаң Атырауға жетті​​

Бейнежазба
486 рет қаралды

Желіде қала тұрғыны Әнуар Жетпісовтың видеосы пайда болды. Онда күшті жел құрғап қалған Каспийдің түбінен ақ шаңды көтеріп, оны әуе ағысы бойымен әкетіп бара жатқанын көруге болады.

Ұқсас жел шамамен сол уақытта қалаға да жетті. Таң атқалы Атырауда құрғақ, тұзды дауыл ұйытқып, ауа шаңға толып, бет пен киімге жабысқан иісімен тынысты тарылтып тұр.

Қазгидромет мәліметінше, қазіргі уақытта желдің жылдамдығы 20 м/с-қа жетіп отыр, бағыты — оңтүстік-шығыстан, теңіз жақтан соғып тұр.

Ауа сапасын бақылау станцияларындағы датчиктер PM₂.₅ деңгейін 10 мкг/м³ деп көрсетіп отыр. Бұл — орташа көрсеткіш саналады. Алайда жел күшейген сәттерде шаң көтеріліп, көзге көрінбейтін қауіпке айналады. Ұсақ дисперсті бөлшектердің өкпеге терең еніп, тіпті қан айналымына түсіп, шырышты қабықты тітіркендіріп, жөтел мен мұрынның бітелуіне себеп болуы мүмкін екені белгілі.

Каспийдің құрғаған табанынан көтерілген шаң тек көлемімен ғана емес, құрамымен де қауіпті: онда тұздар, ауыр металдар, мұнай өнімдері және ондаған жылдар бойы шөгінділерде жиналған уытты қосылыстар бар.

Бүгінде Атырау кеуіп қалған Каспийдің түбінен көтерілген шаңмен тыныстап тұрғандай.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА

10 қазан, 13:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.