Атырау, 5 желтоқсан 08:00
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Орта Азияның экономикалық серпілісі: Ресей газ жеткізілімдерін ұлғайтуда

417 рет қаралды

2025 жылдың 8 айы ішінде Ресей газының Орта Азияға — Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанға жеткізілім көлемі 15%-ға өскені туралы «Нефть и газ Казахстана» телеграм-каналы хабарлады.

«Газпром» басшысы Алексей Миллердің Петербург халықаралық газ форумындағы пленарлық отырыста айтуынша, алдағы 5–6 жыл ішінде өсім жалғасады, ең алдымен Қытай мен Қазақстанмен жасалған меморандумдардың арқасында.

«Сила Сибири» – бұл бізге алдағы уақытта Орта Азияға - Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанға газ жеткізілімдерін арттыру мәселесін шешуге көмектесетін катализаторлардың бірі. Біз бұл республикаларда экономика өте тез дамып жатқанын байқаймыз, алдағы 5–6 жылға арналған болжамдар бойынша олардың экономикасы шамамен 60% өсуі мүмкін. Бұл өте жоғары қарқын, және ол өте көп көлемде энергия тұтынуды талап етеді», — деп атап өтті Миллер.
10 қазан, 13:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.