Қашағанда мұнайөндірісінің басталуына, сондай-ақ, ConocoPhillips-тің 8,4 пайыз үлесінің жақын арада қытайлық CNPCкомпаниясына сатылуына байланысты біз танымал қазақстандық саясаткер, «Руханият» жасылдар партиясының көшбасшысы Серікжан МӘМБЕТӘЛИНГЕ (суретте) бірнеше сұрақтар қойған едік.
«ҚЫТАЙЛЫҚ» МӘМІЛЕ
- Сіз Қазақстан Conoco үлесін Үндістанға емес, Қытайға қандай оймен сатты деп есептейсіз? Мұның қандай да бір ішкі (экономикалық, саяси) сыры бар ма? Осы мәміледен Қазақстан үшін қандай артықшылықтар мен кемшіліктер көріп отырсыз? Сіздіңше қытайлықтар не ұсынды, үндістандықтар не бере алмаған еді?
- Қазақстан Conoсoүлесін Қытайға бірнеше себептермен сатты. Біріншіден, біздің билікте Қазақстанның, әсіресе мұнайға бай Батыс Қазақстанның Қытайға кіріптар болуына мүдделі болып отырған Қытайдың қуатты лоббишілері бар. Екіншіден, қытайлықтар үндістерден айырмашылығы пара мен «откаттарға» қатысты кінәмшіл емес, сондықтан біздің шенеуніктерге өздері үшін қытайлықтармен істес болған тиімді. Дегенмен мен өзім Консорциум құрамына басқа серіктестерді экологиялық стандарттарды сақтауға мәжбүр ете алатын Ресейдің кіргенін құптар едім. Өйткені Солтүстік Каспийдің сақталып қалуына өте мүдделімін. Американдықтар да, еуропалықтар да, әсіресе қытайлықтар Каспий теңізінің экологиялық мәселесін басым мәселе деп есептемейді.
- Сіздің ойыңызша, Солтүстік-Каспий Консорциумының қалған инвесторлары жобаға Қытайдың енуін қалай қабылдады? Қытайлықтардың келуіне байланысты олардың арасында қарама-қайшылықтар болуы мүмкін бе, егер мүмкін болса, ең алдымен қандай мәселелер бойынша болуы мүмкін? Бұл алауыздықтар коммерциялық өндіруді кейінге қалдыруға ықпал етпей ме?
- Мен американдықтар мен еуропалықтарға бастапқыда қытайлық серіктестермен диалог жүргізу қиынға түседі деп ойлаймын. Бірақ олар келісімге келеді. Тасымалдау бағыты, экологиялық стандарттарды қолдану, жобаға шетелдік жұмыс күштерін пайдалану мәселелері бойынша алауыздықтар болуы мүмкін. Американдықтарға қытайлық серіктестерін Қазақстан басшылығына қысым жасау үшін, сонымен қатар сыбайлас жемқорлық сызбаларын қолдану үшін пайдалану тиімді.
- Биылғы жылдың 1 қазанына дейін қашағандық мұнайды коммерциялық өндіру басталмаса, консорциум шығындары өндірілген мұнаймен өтелмейтіндігі белгілі. Неліктен бұл жағдай Қытайды шошытпады?
- Коммерциялық өндіру 1 қазанда басталмайды. Оның негізгі себептері бар, кен орнын пайдалану өте күрделі үдеріс. Сынақты өндіру іс жүзінде жүргізілген жоқ, сондықтан осындай аз уақыт ішінде коммерциялық өндіру туралы айтуға болмайды. Бірақ консорциумның шығындары өтелмейді деген бүкіл қоқан-лоққы мұнай өндіруді бастауды жеделдету әрекеттері ғана. Саудаласып, анағұрлым жеңілдік шарттарға қол жеткізіп, коммерциялық іске қосуды әлденеше рет кейінге қалдырды.
ҚАРЖЫЛЫҚ ТҮСІМ
- Мемлекет қалған акционерлерге өз ықпалын арттырып, Conocoүлесін өзіне қалдыра алар еді. Сіздіңше, үкіметке осы үлесті сатуға не түрткі болды?
- Үкімет бұл үлесті қалдыра алмайтын еді, өйткені қазына бос жатыр, ал бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің ішінде сыртқы қарыз бізде көп. Conoсoүлесін сатып алуды Қазақстан формальды түрде өткізді. Алайда іс жүзінде Қытай үлесті сатып алуға ақшаны өзі үшін берді. Баспасөз хабарламалары бойынша, 5,5 миллиард берген, оны сатып алуға 5 млрд-ы жұмсалды. Ал 500 миллион, шамасы, осы мәмілеге келуге әрекет жасағандардың қалтасына түскен болуы керек. Бұдан басқа, үлесті сатып алған Қазақстан жобаны инвестициялау міндеттемесін өзіне алды. Ол мұны да жасауға дәрменсіз.
- Кейбір сарапшылар Қашаған іске қосылғанда ел үшін экономикалық пайда нөл болады деп есептейді. Соның ішінде, көмірсутектерді сатудан түскен пайда ел бюджетіне емес, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына түседі. Өйткені мұнай долларлары есебінен қаржыландырылатын Қордың көптеген жобалары ел экономикасының ахуалына еш әсер еткен жоқ. Ал кейбіреуі сәтсіздікке ұшырады деп танылды. Көмірсутек шикізатын өндіру бойынша салықтар түсетін Ұлттық қорға қатысты да осындай жағдай. Сіз осы пікірмен келісесіз бе?
- Мен Қазақстан үшін Қашағанды игеру жобасы экология, экономика және геосаясат тұрғысынан сәтсіз деп үнемі айтып келген едім. Каспийдің флорасы мен фаунасының тағдырына қатысты менде ешқандай иллюзия жоқ. Бірегей қорық жойылатын болады, өйткені «нөлдік шығарындылар технологиясы» деген аңыз ғана. Экономикалық жоба инвесторлар ешқандай тәуекелге ұшырамай, бүкіл шығындар он пайыз маржамен жабылған африкандық колония дәуіріндегі шартпен қол қойылды. Біздің замандастарымыз пайданы көрмейді, өйткені 135 миллиард долларды қазіргі мұнай бағасымен бірнеше ондаған жыл бойына толтыратын болады.
- Сіз үшін мұнай және газ министрінің ауысуы нені білдірді? Бұл бір «мұнай» тобының басқаға зиянын тигізіп, ықпалын күшейтуі ме? Әлде «мұнай» саясатындағы үкімет басымдықтарының ауысуы ма?
- Мұнай және газ министрінің ауысуы мүлдем ештеңені білдірмейді. Бәрібір олар ештеңе шешпейді. Бүкіл шешімді трансұлттық корпорациялар мен басқа елдердің үкіметтері қабылдайды. Қазақстан типтік шикізат колониясы және оған әрдайым солай боп қалу жазған.
Сұхбаттасқан Сәуле ТАСБОЛАТОВА