
Атырау тұрғынына қоғамдық жерде қайтадан мас күйінде жүргені үшін 25 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Сот 29 қыркүйек күні кешкі сағат сегіздер шамасында оның адамдық қадір-қасиет пен қоғамдық моральға нұқсан келтіретіндей дәрежеде мас күйде болғанын анықтады. Бұған дейін дәл сол сот шешімімен оған алты ай бойы алкоголь ішуге тыйым салынған еді. Алайда ол шешімді бұзып, қайтадан мас күйінде көшеге шыққан.
Бұл – бір жыл ішіндегі қайталанған құқықбұзушылық болғандықтан, сот оны кінәлі деп танып, 25 тәулікке қамау туралы қаулы шығарды. Әзірге қаулы заңды күшіне енген жоқ.
В Атырау +3