Атырау, 5 желтоқсан 07:40
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Макрон Францияға жаңа премьер-министрді 48 сағат ішінде тағайындайды

233 рет қаралды

Франция президенті Эммануэль Макрон 48 сағат ішінде елдің жаңа премьер-министрін тағайындайтыны туралы Елисей сарайы хабарлады. Бұл мәлімдеме жаңа сайлау өткізілетіні туралы болжамдарды жоққа шығарады, деп хабарлайды BBC News Русская служба.

Алдынғы премьер-министр Себастьян Лекорню, қызметте бір айдан аз уақыт болғаннан кейін дүйсенбіде күтпеген жерден отставкаға кетті. Ол француз телеарнасына берген сұхбатында парламенттегі көпшіліктің жаңа сайлау өткізуді қаламайтынын және жаңа үкімет басшысын «48 сағат ішінде» тағайындауға дайын екенін айтты:

«Парламентте көпшілік бар және бұл көпшілік жаңа сайлаудан аулақ болуға тырысады», – деді Лекорню.

Соңғы сайлау нәтижесі бойынша Ұлттық жиналыста ешбір партия абсолюттік көпшілікке ие болмағанымен, Лекорнюның айтуынша, парламенттегі көпшілік сайлаудың алдын алуды қалайды және премьер-министр лауазымына өз еркімен кетті: «Мен премьер болуды жоспарламаймын, бірақ атқарған қызметім жемісті болды».

9 қазан, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.