Атырау, 5 желтоқсан 13:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +3
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда мектеп асханаларын тексеруге шектеу қойылмақ​

328 рет қаралды
Көрнекі сурет

«Атамекен» кәсіпкерлер палатасында өткен кездесуде Мектептегі тамақтану ассоциациясының өкілдері мен білім басқармасының шенеуніктері мектеп асханаларына «өз бетімен тексерулер» жүргізілетініне шағымданды.

Олардың айтуынша, блогерлер мен белсенділер ешқандай рұқсатсыз ас блогына кіріп, қызметкерлерді видеоға түсіріп, жұмысына кедергі келтіреді.

«Бүгінде кәсіпкерлер лауазымды тұлғалардан да, қоғамдық бірлестіктерден де өкілеттілігін асыра пайдалану жағдайларымен жиі ұшырасып отыр. Адамдар кез келген сәтте суретке түсіріліп, әлеуметтік желіге жарияланып, жағымсыз жағдайда қаламыз ба деп қорқады», – деді Мектептегі тамақтану ассоциациясының вице-президенті Марина Лаптева.

«Заң бойынша кім және қандай тәртіппен тексере алатыны нақты белгіленген. Қалған барлық тексерістер – заңсыз. Біз мұндай жағдайлар бойынша алғашқы сот шешімдерін де алдық», – деді  Лаптева.

Атырау облыстық білім басқармасы бөлімінің басшысы Дулат Хамзин қоғам өкілдерінің тек тамақ ішу залдарына ғана кіре алатынын, ал асүй мен ас блогына кіруге болмайтынын еске салды. Ал кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы Әлібек Семғалиев мұндай тексерістерді бизнестің жұмысына араласу әрі қызметкерлердің құқығын бұзу деп атады.

Не айтылды, не айтылмады

Ресми түрде кездесу мектептегі тамақтандыру жайына емес, мектеп асханаларына «өз бетімен кіру» туралы кәсіпкерлердің шағымына арналды. Шын мәнінде, бұл өз жұмыстарына назар аударылғанына реніш білдірген кәсіпкерлердің монологына айналды. Ал сөз болған белсенділер мен блогерлер шақырылмады

Әңгіме барысы мектеп асханаларындағы басты мәселе – балаларға не берілетінін көруге келгендердің қолындағы камера секілді болды.

Лаптева мектеп тамағы ең қатаң бақыланатын салалардың бірі екенін, күн сайын дәрігерлер, санитарлық қызмет пен арнайы комиссиялар тексеретінін айтты. Оның пікірінше, балалар сенімді бақылауда, ал блогерлер мен белсенділердің қосымша келуі тек кедергі келтіреді.

Егер 2024 жылдың ақпанында «Әділдік жолы» жобасының және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтёрлік» бағдарламасының еріктілері мамандармен бірге Атыраудағы №3, №16, №33 және №35 мектептердің асханаларын тексергенін еске алмасақ, жөн секілді естіледі.

Сол кезде «сенімді бақылаудың» жоғарыда аталған мектептердегі балалар лас ыдыстан су ішіп отырғанын, аскорбин қышқылына ұқсайтын ақ ұнтақты, ыстық болуы тиіс тағамның суық күйінде берілгенін және тоңазытқышта дайын ас пен шикі еттің бірге сақталғанын байқамағаны белгілі болды. Сондай-ақ еріктілер кейбір мектептерде өнімдердің қауіпсіздігіне қатысты ресми құжаттардың жоқтығын атап өтті. Бұл хайп емес – ата-аналардың өтініші бойынша балалардың немен тамақтанатынын тексеру еді.

Кімнің мүддесін қорғайды

Кездесу «Атамекенде» алаңында өтті – ол әдетте бизнестің мүддесін қорғайтын орын. Бұл жолы да әңгіме мердігерлерді «артық келушілерден» қалай қорғау керектігіне тірелді.

Кездесуге қатысқан аға прокурор Мирас Бауыржанов прокуратура түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, мектептер мен ата-аналар комитетіне хат жолданатынын айтты.

Ал әзірге шенеуніктер мен кәсіпкерлер асханаларға кімнің кіруге құқы барын талқылап жатқанда, қоғам белсенділері бақылаудың жалған емес, шынайы болуы керегін көрсетті. Өйткені мәселе беделде емес – балалар тағамының сапасында. Ал егер ас үйде бәрі ретімен болса, камерадан қорқудың да жөні жоқ.

Айгүл МАНСУРОВА

9 қазан, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.