
9 қазан, бейсенбі күні Түркияның төтенше жағдайлардың алдын алу және жою басқармасы (AFAD) хабарлағандай, елдің батысында орналасқан Күтахия провинциясында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарладыАА.
Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен сағат 02:54-те болды. Эпицентрі Симав ауданында, ал тереңдігі 12,1 шақырымда орналасқан.
Күтахия губернаторы Муса Ишын әлеуметтік желідегі парақшасында сілкініс Маден ауылында болғанын айтты.
«Оқиға орнына тексеріс жүргізілді, қазіргі уақытта ешқандай жағымсыз жағдай тіркелген жоқ. Мұндай жағдай қайталанбасын деп тілейміз. Жаратқан Иеміз елімізді қорғағай», – деді ол.
В Атырау +4